Өз бизнесін құру үшін қомақты капитал мен ірі салымдар керек деген пікір қалыптасқан. Шымкенттік жас кәсіпкер Гүлжан Маханова өз тәжірибесінен біледі – өз арманыңды жүзеге асыруды минималды капиталмен де бастауға болады. Бастысы, үлкен құлшыныс болуы керек.
«Әрине, өз ісіңді жоқтан бастау біраз қорқынышты, алайда өз ісіңді ашуға және табысқа жетуге деген қатты ұмтылыс алдында барлық қорқыныштар кейінге қалады», –деп пікірін бөліседі Маханова.
Ол мойындайды, бастапқыда кәсіпкерлік қызметінде оның басынан бірнеше сәтсіздіктер өткен. Алайда тап солар оны шынықтырды және жеңіс пен өз мүмкіндіктеріне деген қазіргі сенімін ұштады.
«Бірінші ниетім аяқ киім бутиктерін ашу болды. Одан кейін кәмпиттерді сату идеясы ақылыма келді. Алайда ол іс «менікі» емес екенін түсіндім, – деп әңгімелейді кәсіпкер. Ол іскерлік қызығушылығының салаларын түпкілікті өзгертіп, мал шаруашылығын дамытуға шоғырланды. Өсіру үшін қойлар сатып алды, алайда бұл істе де жолы болмады. Бірақ Гүлжан өзінің іскерлік науашасын табу әрекеттерін тоқтатпады. Тіпті өзін жүйелік бизнесте байқап көрді. Оның үстіне, ол өнімді сатуға арналған кішкене дүкен ашу үшін көлігін сатты. Алайда, әттеген—ай! Дистрибьюторлықтан кейін көрсетілетін қызметтер сапасына екпін жасаған клинингтік компания да күтілетін пайданы әкелмеді. Осылайша Гүлжан Маханова үшін бизнестегі алғашқы 4 жыл өтті.
Шағын бизнестің бірнеше бағыттарында өз әлеуетін іске асырған соң нысаналы қыз алдына жаңа мақсат қойды. Ол қазақтың ұлттық өнімі – құртты – көрші мемлекеттердің нарығына экспорттауға ниеттенді. Егер ол бұрын өзінің іскерлік қабілеті мен идеяларын өз бетінше «түйсігімен», нарық пен тұтынушылар сұранысын талдаусыз, нақты бизнес—жоспар құрмастан іске асырған болса, қазір ол табысты, мұқият ойластырылған бизнес құру үшін барлық құралдарды пайдалануды көздейді. Бұл істе оған «Даму» кәсіпкерлікті қолдау Қорының мамандары көмектесті. Солардың қолауымен ол құрт сияқты жоғары экологиялық өнімді экспорттау мүмкіндігін есептеуде. Оның өндірісі үшін Гүлжан мамандандырылған цех ашуға ниеттенген. Алайда тәжірибеден өткен кәсіпкер келешек бизнестің барлық детальдерін ашқан жоқ.
«Егер өз жолыңда бір рет те болса сәтсіздікке ұшырасаң, бұл жабығудың жөні емес. Өз қателіктеріңнен дәріс алып, қайта—қайта өз күшіңді қайрауың керек. Кез келген бизнесменнің басты құпиясы осында» — деп тұжырымдайды Оңтүстік Қазақстанның кәсіпкері.