Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданының құқық қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстар, кәсіпкерлікті дамыту, экономиканы көтеруге, халыққа қолайлы жағдай жасау бойынша атқарылған жұмыстарға талдау жасап көрсек. Аудан бойынша экономикалық белсенді халық саны 48,6 мың адам. Жұмыспен қамтылғандар 46,2 мың адам. Орташа айлық жалақы 2022 жылдың басынан бері 270340 теңгені құрады. Жұмыссыздар саны 2467 адам. Жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құрады. Нәтижелі жұмыспен және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2022 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында жаңа бизнес идеяларын іске асыруға арналған мемлекеттік грант 63 адамға берілді. Бастау бизнес жобасы аясында 642 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқуға жолданды. Бағдарламаның үшінші бағыты аясында тұрақты жұмысқа жалпы 1345 адам орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу мақсатында 199 жұмыссыз азамат өтінім берген 44 жұмыс беруші кәсіпорындарға жолданды. Жастар практикасына оқу орнын бітірген жас түлектер мамандықтары бойынша тәжірибе алуға 183 азамат 54 мекемеге жолданды. Қала және ауылдық елді мекендерде абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында 42 мекемелер мен кәсіпорындарға 446 азамат жолданды. 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу тапсырмасы бойынша жоспар 659 адам болса, 8 айда нақты 671 тұрақты жұмыс орыны ашылып 101,8 пайызды құрады. Атаулы әлеуметтік көмек 799 отбасыға 207,6 млн. теңге төленді. Интернеттің қолжетімді болуы – елдің цифрлық дамуындағы стратегиялық маңызды мәселе. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ең алдымен цифрлық теңсіздікті жою, интернетке барынша қолжетімділікті және барлық азаматтардың сапалы байланысқа қосылуын қамтамасыз ету қажет екенін атап өтен болатын. Төлеби ауданында 12 ауылдық округ 1 қала ішінде 55 елді мекен бар. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен «Кселл» АҚ арасында түзілген меморандумға сәйкес мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында аудандағы байланыс деңгейі төмен елді-мекендеріне мобильді интернет жүргізу және оның жылдамдығын, қамту аймағын ұлғайту 2022 жылдың соңына дейін жоспарланған болатын. Мобильді интернетті енгізу алдымен 3G жылдамдықты енгізуді, кейіннен оны 4G жылдамдыққа ауыстыру арқылы жүргізіледі. Аудан бойынша 2G мобильді байланысымен (+1қала) 54 елді мекен, 3G байланысымен 42 елді мекен, 4G байланысымен 20 елді мекен қамтылған. Кселл АҚ тарапынан аталған меморандумға сәйкес халық саны 250 тұрғыннан төмен 13 елді мекендеріне мачталық антенна орнату жұмыстары және 4 елді мекендеріне жаңғырту (модернизация) жұмыстары жыл соңына дейін 2023 жылға өтпелі жүргізілетін болады. Бүгінгі күнде мүлдем мобильді байланыс ұстамайтын елді мекендерде мачталық антенна орнату жұмыстары жүргізілуде. Талшықты оптикалық желімен қамтылуы бойынша 12 қала, ауылдық округ әкімі аппараттары опто-талшықты жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылған. 67 мектеп (34 мектеп опто-талшықты желіге қосылған, алайда қалған 35 желілік және антенналық әлсіз интернетпен қамтылған), 32 фельдшерлі амбулаторлы пунктілер интернет желісіне қосылған. Опто-талшықты желі тартылған елді мекендер: «Қазақтелеком» АҚ: (11 елді мекен) «Транстелеком» АҚ: (15 елді мекен) Жалпы 26 елді мекен жеке-меншік әріптестік аясында опто-талшықты желілермен қамтылды. Төлеби ауданында ауылдық елді мекендеріндегі мекемелерді кең жолақты интернетпен қамту мақсатында мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында бекітілген жол картасына сәйкес «Қазақтелеком» АҚ тарапынан округ әкімі аппараттарына және мектептеріне опто-талшықты интернет желілері тартылды. Сонымен қатар, 4 ауыл әкімі аппараттарына, 15 жалпы орта білім беретін мектептеріне «Транстелеком» АҚ тарапынан опто-талшықты желілер тартылып, қосылды. Ия қоғамдық орындарда қазір тегін wi-fi желісі 3 жерде қойылған. Ленгер қаласы Мәдениет үйі алаңында, Жастар саябағында және Тәуелсіздік саябағында. Интернет қызметінің жылдамдығы 30-40 Мбит/с-ты құрайды. Бұл интернет қолданушыларға әлеуметтік желілерді пайдалануға, сайттарды қарауға, ән тыңдауға, видео көріп, оны жүктеп алуға мүмкіндік береді.Әрине алдағы уақытта жоспарда бар, басқа ауылдық округтедегі қоғамдық орындарда кою бойынша ұсыныс беріледі. Бейнебақылау камераларының саны бойынша Түркістан облысындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2020-2022 жылдарға арналған жоспары бойынша Төлеби ауданында 23 мекен-жайға 46 бейнекамера орнатылды. Ленгер қаласы-17 жерге 33 камера орнатылған, оның ішінде 7 камера көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына орнатылған. -Киелітас а/о-4 жерде 9 камера орнатылған; -Алатау а/о-1 жерге 2 камера орнатылған; -Бірінші Мамыр а/о-1 жерге 2 камера орнатылған. Төлеби ауданында 4 елді мекенінде Зертас, Қасқасу, Қоғалы, Жоғарғы Ақсу «Қазақтелеком» АҚ-ның «eQoldau» терминалының интернет желісіне ашық қолжетімділік пункті іске қосылған. Оның көмегімен ауыл тұрғындары ақша аударып, электронды мемлекеттік қызметтерді алуға, әуе және теміржол билеттерін сатып ала алады – терминал электронды қызметтердің толық спектрін ұсынады. eQoldau терминалдары USB қосқыштарымен, пайдаланушы идентификациясы үшін биометриялық деректерді оқу жүйесімен және т.б. Терминал төлқұжатқа тапсырыс беруге, USB флэш-дискісіне кез келген мемлекеттік анықтаманы алуға және жүктеп алуға, дәрігердің кезегіне жазылуға, кез келген өнімді сатып алуға және оны курьерлік жеткізуге тапсырыс беруге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, халықпен кері байланыс орнатуды күшейту үшін Түркістан облысында «Айкөмек-109» орталығы ашылған болатын. Қазіргі таңда Төлеби ауданының тұрғындарын жергілікті билік өкілдерімен байланыс орнатуда тиімді жұмыс нәтижесін көрсетіп отыр. Орталық тәулігіне 24 сағат демалыссыз қызмет етіп, азаматтардың өтініші бойынша әлеуметтік мәселелерді шешумен айналысады. Түркістаноблысындақызметтер мен сервистердің орталықтандырылған қызметтер орталығы «Iqala» жобасые енгізілуде. Бүгінгі таңда алғашқы болып «I-Qala» жобасы Кентау қаласында сәттііске қосылды. Толығырақ ikentau.kz сайтынанкөругеболады. Аталған жоба «біртерезе» қағидаты бойынша коммуналдық шаруашылық секторының және мемлекеттік қызметтерін біріктіреді. Жобааясында коммуналдық қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету, барлық қызметтерді онлайн цифрлық түрде көрсету, құжаттарды қысқамерзімде ұсыну, өтініш күйін бақылау және құжаттардың сақталуы бойынша оң нәтижелер күтілуде. Айта кетейік, бұл жоба Нұр-Сұлтан қаласының тәжірибесі негізінде қолғаалынды. Кселл АҚ тарапынан аталған меморандумға сәйкес халық саны 250 тұрғыннан төмен 13 елді мекендеріне мачталық антенна орнату жұмыстары және 4 елді мекендеріне жаңғырту (модернизация) жұмыстары жыл соңына дейін жүргізілетін болады. Бүгінгі күнде мүлдем мобильді байланыс ұстамайтын елді мекендерде мачталық антенна орнату жұмыстары жүргізілуде.