Кәсібін көлік қаптамасын тігуден бастады Кәсіп бастаймын деген адамға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмек аз емес. Бір ұтымдысы, өз алдына кәсібін енді бастаймын дегендер қайтарымсыз грант¬қа ие болса, бұл орайда аз-кем тәжірибе жинақтаған, енді ісін ұлғайтуды көздеген¬дерге шағын несие түрінде қолдау көрсетілуде. Кәсіп қылудың қыр-сыры өте көп. Ең алдымен немен шұғылданатыныңды күні бұрын барлап, өңірдің тыныс-тіршілігін аңдап алуың керек. Шығарған затың өте ме, өтпей ме, халыққа қаншалықты қажеттілігі бар, оны білген де өте маңызды, Жалақыдан жалақыға күнелткен қарапайым қызметкер жеке кәсіп ашып, табысын арттырғанды қалайтыны анық. Жалақысын азсынған азаматтар мен жеке бизнесін жүргізуге қызығушылық танытқандардың қатары да аз емес. Дегенмен көп ретте идея ойға оралғанымен, іс жүзінде орындалмай жатады. Көпшілік кәсіп бастап, байып кетуді мақсат қып қояды бірақ біліктілік пен әмиянның жұқалығы мақсатқа жетуге кедергі келтіреді. Ең алдымен әрине білімді жетілдіру қажет. Бизнес бастауды, есеп жүргізуді, маркетинг пен менеджментті тәпті қарапайым ғана шығарған өніміңді әлеуметтік желлерде жарнамалаудың жолдарын үйреніп алған абзал. Кәсіпкер жан жақты болуы тиіс. Ол үшін білім керек. Қарапайым ғана изнес бастаудағы ережелерді үйреніп алудың артықтығы жоқ. Шағын бизнес ашу үшін де шығын аз кетпейді. Бұл кәсіпкерліктің міндеттемелері аз әрі тауар, жұмыс, қызмет көрсетуде кәсіпкер қосымша құн салығынан босатылады. Жеке бизнесті ашуда ең маңыздысы жүйелі бизнес-жоспар құру. Шағын кәсіпкерлікте бизнес жоспар айтарлықтай қажет емес. Алайда жоспар қажет ақ ол қаржыны үнемдеуге, дұрыс жұмсауға, ісіңіздегі жүйелілікке, бизнесті өрге дөңгелетуге септігін тигізеді. Шыққан шығыс пен тапқан таысты да күнделікті есебін шығарып отырудың артықтығы жоқ. Ынта қойған сол саланы бүге шүгесіне дейін бардап, зерттеп, әр тиын шығынын есептеу қажет. Онсыз бизнес жүрмейді. Мемлекеттік грант – нысаналы мақсаты жаңа бизнесті іске қосу және дамыту болып табылатын өтеусіз берілген бастапқы капитал болып табылады. Гранттар қаражаты кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өндірісті жолға қоюға және дамытуға, бизнесі арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жыл санап мемлекеттік көмек алушылар саны артып келеді. Мәселен, былтыр Түркістан облысына қарасты Төлеби аауданында мемлекеттік грант 155 азамат иеленсе, 2022 жылы 173 азамат ие болды. Солардың бірі — Қасқасу ауылдық округі, Кеңесарық елді мекенінің тұрғыны Қанат Аянбек Аңсарұлы. Ол «Еңбек» бағдарламасы бойынша гранттық конкурсқа қатысып, бизнес жоспарын қорғап, көлік қаптамаларын тігу кәсібін бастады. Жас кәсіпкердің айтуынша, өнімдерді тапсырыс бойынша жасайды және алдағы уақытта кәсібін кеңейту жоспарда бар.