Кәсіпкерлердің өндірістік қуаты жоғары Кәсіпкерлердің өндірістік қуатын сақтау және тұрақтандыруға бағытталған «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасының бюджеті ағымдағы жылда 38 пайызға артып, 3,3 млрд. теңгені құраған. Бағдарлама аясында 400-ге жуық кәсіпорынға қолдау көрсету жоспарланған болса, бүгінгі таңда 304 жоба қаржыландырылған. Өңір бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1,4 пайызға өсіп, 142 682 бірлікті құрады. Орын алған экономикалық өзгеріс жағдайына қарамастан, шағын және орта бизнеспен өндірілген өнім көлемі 10,9 пайызға ұлғайған. Бүгінде аталмыш бағдарлама өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Бизнеске көрсетер көмегі көп болып тұр. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы жыл басынан бері Түркістан облысының кәсіпкерлері 274 жобаға 9,6 млрд теңге көлемінде несие алды. Облыстың әртүкпіріндегі аудан, ауалдардағы кәсіпкерлерге көрсетіліп жатқан қолдау көп. Соған қол жеткізу жолдарын түсіндіру үшін облыстың қала, аудандарында семинар-кеңестер өткізілуде. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды тапсырма берген болатын. Жеке кәсіпкерлерге арналған несиелеу бағдарламалары арқылы, яғни жеңілдетілген несие беру арқылы өңірде жаңа жұмыс орындары ашылуда. Шалғай ауылда отырса да шағын кәсібін бастап, өңірде жұмыссыз жүрген ауылдастарына жұмыс тауып беріп отырған іскер кәсіпкерлер қатары артып келеді. Шағын бизнесті дамытушы кәсіпкерлер арқылы елдегі жұмыссыздық мәселесі де біртіндеп шешіле бастайтыны белгілі. Жұмыссыздықтан арылтып, кәсіпкерлерді қолдауға қатысты мемлекеттік бағдарламалар өңірде сәтті орындалуда. Кәсіпкерлер үшін толық қолжетімді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасын жүзеге асыруда облыс алғашқы үштіктен орын алады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы 2025» бүгінде өңір тұрғындарына тың серпін беруде. Бұл бағдарламаның мақсаты өңдеу өнеркәсібіндегі және агроөнеркәсіптік кешендегі өндірісті кеңейту, сондай-ақ ішкі нарықты отандық өндірушілердің тауарларымен және қызметтерімен толықтыру және импортты алмастыру болып табылады. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жүзеге асқан сәтінен бастап 46 млрд. теңгені құрайтын 321 жоба қолдау тапқан. «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы шеңберінде көрсетілетін қолдаулардың бір түрі несиелердің пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау болып табылады. Экономиканың басым секторларында өзінің жобаларын іске асыратын кәсіпкерлер осы бағдарламаға қатысушы бола алады.Осылайша «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламалары кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігін арттырып, шығарған өнім көлемін арттыруға үлкен үлес қосуда. Жалпы бұл бағдарламалардың кәсіпкерлерге көрсетер көмегі көп болып тұр. Оның тиімділігін көрген іскер азаматтар ризашылықтарын білдіруде. Еңбекқорлығымен ерекшеленетін өңір халқы кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға үлкен ықылас танытуда. Статистикалық көрсетікштерге сүйенсек, небәрі осы жылдың қаңтар-маусым айларында, яғни 6 айдың ішінде жаңадан 10 295 шағын және орта кәсіпкерлік ашылған. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда жақсы көрсеткіш. Ал жалпы ісін ілгерілетіп қарқынды жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліктің саны 155 073-ті құрап отыр. Еліміздегі шағын және орта кәсіпкерліктің басым бөлігі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан кейін Түркістан өңірінде шоғырланған. Жуырда ғана Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Н. Иманқұловтың ұйытқы болуымен өткен басқосу барысында «DAMU» АҚ-ның Түркістан облысы бойынша өкілі Н.Азизовтың және «Halyk Bank» АҚ-ның Түркістан облысы бойынша басшысының орынбасары А.Келдібаевтың қатысуларымен кәсіпкерлік тақырыбында түйткілді мәселелері талқыланды. Кәсіпкерлерге 6 пайызбен жеңілдетілген несие беру бағдарламалары, «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламаларының қаржыландыру шарттары туралы да толық ақпарат берілді. Нәтижелі несиеге қалай қол жеткізу жолдары көрсетілді.Әрине кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жеңілдетілген несие кәсіп ашуға, кәсіпкерлікті дамытуға беріледі. Оны алу, құжаттарды дайындау үшін «Түркістан кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» мекемесі ақысыз негізде толық сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қаржылай да, жалпы айтқанда сөз жәрдемі де, қол жәрдемі де көп болып тұр. Тек іскер азаматтар осы мүмкіндікті тиімді пайдалана білсе болғаны.