Ауыл халқына жасалып жатқан мұндай жеңілдік бұрын соңды болмаған Бүгінде халықтың тұрмысын, әл ауқатын жақсарту мақсатында түрлі мемлекеттік бағдарламалар қолға алынуда. Оның басым бөлігі өзіндік нәтижесін, тиімділігін көрсетіп те жатыр. “Ауыл аманаты” партиялық жобасы біршама уақыт бұрын халыққа таныстырылды. Облыстарда, аудан орталықтарында арнайы жиындар өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ауыл тұрғындарына ең төменгі 2,5 пайызбен 1 триллион теңге несие таратылады. Халықтың тұрмысын көтеруді көздейтін мемлекеттік бағдарламаға сай 7 миллион теңгеге дейінгі несие қарастырылған. Ол 7 жыл мерзімге беріледі. Ал кепіл ретінде елді-мекендегі барлық үй жарайды. Әрі банктегідей емес баспана құнының 80 пайызына дейін есептеледі. Бұл әриен керемет мүмкіндік. Бұрын ауылдағы шаруа банктерге кепілге қоятын үй таппай қиналатын. Өйткені банктер ауылдағы үйлерді кепілге алмайды. Қаражат қолға тиген соң алғашқы 1,5 жылда үзіліс алып, төлемей тұра тұруға болады. Одан кейінгі тағы да бір артықшылығы несиені ай сайын емес, үш айда бір рет немесе жарты жылда бір рет жабуға да болады. Бұл әрине ауылдағы ағайын үшін үлкен қолдау әрі мүмкіндік болмақ. Пайызы көп әрі қаншама құжат сұратып шаршататын банктерге бағынышты болмауы үшін бұл қаражат өңірімізде “Түркістан” әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы арқылы тарату ұсынылуда. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша бұл жол келер жылы, яғни, 2023 жылы іске асатын болады. Алдын ала ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Түркістан облысында басталған ақпараттық-насихат 8 аудан, қалада өтті. Одан бөлек насихат тобы аудандарға қарасты 16 ауылды аралады. Жағымды жаңалыққа әсіресе ауылдағы ағайын қуанулы. Шарттары жеңіл, кепілге ауылдағы үйді де қоюға болатындығы ұнап тұр шаруаларға. Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданындағы Ақсукент пен Қарабұлақ ауылының тұрғындарының басым бөлігі ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығымен айналысады. Олардың көбісі бұл жаңалықты қуана қабылдады. Мал және егін шаруашылығына 7 жыл, ал жеңіл өнеркәсіпке 5 жылдан беріледі. Мамандар мұндай төмен пайыз, жеңілдік бұрын соңды болмаған дейді. Жоба 2019 жылы бұрын Жамбыл облысының 11 ауданында пилоттық негізде тәжірибеден өткен. Әу баста бұл неткен батпанқұйрық деп шаруалар сенбеген көрінеді. Дегенмен нәтижесі жоғары. Тұрғындардың кәсіп ашуға ке ықыласы оянып, кәсіпкерлер саны көбейіп, жаңа жұмыс орындары ашылған. Түсіндірме жұмыстарының дұрыс жүргізілуінің арқасында жақсы нәтиже беріп отыр. Жақын арада түвсіндірме жұмыстары Шардара ауданында жалғасты. Сүткент және Шардара ауылы тұрғындарын ауыл шаруашылығын кеңейту жайы қызықтырды. Ауылдағы техникалар әбден тозған. Жаңасының өзі қымбат тұрады. Жоба сарапшылары ұйымдасып кооператив құру, техниканы лизингке алу жайын тереңірек түсіндіріп берді. Әрине жаңа техникамен жұмыс та өнімді. Шаруалардың басым бөлігі техникаларын жаңалап, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін кеңейткілері келетінін тілге тиек етті. Тиімділігі жоғары жоба аясында 18 жастан бастап зейнет жасына дейінгі азаматтар несиеге қол жеткізе алады. Жобаның негізгі мақсаты – аграрлық бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау, жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға байланысты мәселелердің түйінін шешу болып табылады. Ауылдағы ағайынның басым бөлігі кепіл мәселесі қалай болатыны қызықтырды. Саманнан салынған ескі үйлердің төмен бағаланатынын айтты. «Бұл жобада ауылдардағы қамыс, сабан, кірпіш, тағы да басқа салынған үйлердің кез келген түрі қабылданады. Баспананы лицензиясы бар бағалау компаниялары арқылы жүргізіледі. Ал Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тәуелді бағаға сүйеніп, шешім шығарады», — деді жоба сарапшысы Гүлмира Бағжаева. Сарапшының сөзі шаруаларды сүйсіндірді. Ауыл аймаққа жасалып жатқан мұндай мүмкіндіктерді дер кезінде пайдалану керек екен десті шаруалар.