«Қытай тілінде жазылған» дағдарыс » сөзі екі таңбадан тұрады: бірі «қауіп», екіншісі «қолайлы мүмкіндік» дегенді білдіреді» ( Дж. Кеннеди ) Бұл мәлімдемеде экономикалық дағдарыстың мәні мен оның салдары туралы мәселе қозғалады. Аталған проблема өте өзекті, өйткені нарықтық экономика құлдырау мен дағдарыссыз өмір сүре алмайды. Бірақ бұл неге әкелуі мүмкін? АҚШ-тың 35-ші президенті Джон Кеннеди қытай тілінде жазылған «дағдарыс» сөзін «қауіп» және «қолайлы мүмкіндік»деп түсінді. Осылайша, ол экономикалық дағдарыс әрдайым жағымсыз салдарға әкелмейтін, керісінше, экономиканы қалпына келтіруге мүмкіндік беретін құбылыс екенін алға тартты. Мен автордың пікірімен келісемін, өйткені экономикадағы кез-келген жағымсыз құбылысты тек жағымсыз салдарлар тұрғысынан қарастыруға болмайды, өйткені олар көп жағдайда экономиканың өсуіне, оның қайта құрылуына әкеледі. Оның ішінде экономикалық дағдарыстың салдары теріс те, оң да болады. Бұл экономикалық құбылысты толығырақ қарастырайық. Экономикалық дағдарыс — әдеттегі экономикалық қызметтегі елеулі бұзушылықтар. Дағдарыстың көріну формаларының бірі – қарыздардың жүйелі, жаппай жиналуы және оларды ақылға қонымды мерзімде өтеудің мүмкін еместігі. Экономикалық дағдарыстардың себебі көбінесе тауарлар мен қызметтерге сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуынан көрінеді. Ол әлеуметтік-экономикалық жүйедегі (ұйымдағы) қарама-қайшылықтардың оның қоршаған ортадағы өміршең табандылығына қауіп төндіретін өзгеше ушығуы. Дағдарыстың себептері әртүрлі болуы мүмкін. Олар жаңарту мен қайта құрылымдаудың қажеттіліктеріне байланысты объективтік себептер және басқарудағы қателіктер мен асырасілтеушілікті білдіретін субъективтік, сондай-ақ табиғи себептер деп бөлінеді. Экономикалық дағдарыстар ел экономикасындағы немесе жекелеген кәсіпорынның, фирманың экономикалық ахуалындағы өткір қарама-қайшылықтарды көрсетеді. Бұл — тауар өндіру мен сатудың, экономика агенттерінің өзара қарым-қатынастарының дағдарыстары, төленбеген төлемдердің дағдарыстары, бәсекелестік артықшылықтар мен банкроттықтың және басқаларының дағдарыстары. Дағдарыстардың бастапқы себебі — ол тауарларды өндіру мен тұтыну арасындағы алшақтық. Табиғи шаруашылық шектерінде өндіру мен тұтыну арасында тікелей байланыс орнайтын, әрі сондықтан экономикалық дағдарыстар тудыратын жағдайлар болмайтын. Оларды тудыратын мүмкіндіктер тауар өндірісі мен айналыстың дамуы шамасына қарай пайда болды және ұлғайды. Тауар өндіру өндірісті ұйымдастырудың үстем түріне, ал нарық оны бейберекет реттеушіге айналғаннан кейін, өндіру мен тұтыну арасындағы уақыт ішінде де, кеңістікте де пайда болған алшақтық шапшаң үдеді. Өндірістің күтпеген апаты мен бейберекеттігі жағдайында экономикалық дағдарыстар сөзсіз заңдылыққа айналды. Нарықтық экономика дағдарысы — бұл іскерлік белсенділіктің төмендеуіне әкелетін өндірістің күрт төмендеуі. Экономикалық дағдарыс жекелеген тауарлардың артық өндірілуімен, бағаның төмендеуімен, банктердің банкроттығымен, кәсіпорындардың тоқтап қалуымен, жұмыссыздықтың өсуімен қатар жүреді. Іскерлік белсенділіктің төмендеуінің жоғары қарқыны нарықтық экономиканың құлдырауын көрсетеді. Құлдыраудың ең төменгі нүктесі-дағдарыс. Дағдарыс кезеңінен өту адамдарға өте қиын болуы мүмкін, бірақ ол тек апат әкеледі ме? 2007 жылы басталған АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыс туралы бұқаралық ақпарат құралдарында көп айтылады. АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыстың себептері қандай? Пайданы ұлғайту мақсатында американдық қаржы институттары кепілсіз, бастапқы жарнасыз, төлем қабілеттілігін тексерусіз ипотека берудің өте жеңілдетілген схемасын қолдана бастады. Атақты «Игра на понижение» фильмі Уолл-стриттегі бірнеше қаржылық талдаушылар мен хедж-қор қызметкерлері дағдарыстың дамуын болжай алғаны және ипотекалық облигациялардың бағамын төмендету үшін ойнап, байлыққа қол жеткізгені туралы шынайы оқиғаны баяндайды. Олар АҚШ-тағы ауыр экономикалық дағдарыс жағдайын пайдаланып, табыстқа кенеледі. Ал, Американың атақты «Дженерал Электрик» корпорациясын 20 жыл бойы басқарып, сол компанияның нарықтағы бағасын 400 миллиард долларға дейін жеткізген Джек Уэлч мырза: «Қажетті мүмкіндік сіз күтпеген жерден келеді, тек сіз іздеуден жалықпай, өзгерістерге дайын болуыңыз керек» дейді. Ал «Ойлан және байы» (Думай и богатей) деген кітаптың авторы Наполеон Хилл: «Егер адам бір нәрсеге дайын болса, сол нәрсе міндетті түрде жүзеге асады» деп түйіндейді. Егер біз жауапкершілікке дайын болсақ, аянбай әрекет ете бастасақ, бізді күтпеген мүмкіндіктер күтіп алуы әбден мүмкін. Осылайша, өз пайымдауымның нәтижесінде мынаны атап өткім келеді: кез келген дағдарыс қарама-қайшылықты сипатқа ие және оның екі түрлі, кейде мүлдем қарама-қарсы жақтары бар. Одан оң мүмкіндіктер алуға, дамудың сапалы жаңа кезеңін бастауға болады. Олжас Айдарбек