Жылқы басын көбейтуге 7 миллион тенге несие алды Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданы, К. Абдалиев ауылы округі, Атбұлақ ауылының тұрғыны , кәсіпкер ЖК “Ғазиз” Тәшімбет Ғазиз Аватханұлы биылғы жылы «Атамекен-Түркістан» МҚҰ-нан 6 пайызбен, жылқы басын көбейтуге 7 миллион тенге несие алған болатын. Алған несиеге 14 бас бие, 1 бас айғыр алып кәсібін дөңгелетіп отыр. Жылқының қысы жазғы өріс-жайылымы да, жусайтын орны да мүлдем басқа екені белгілі. Жылқыны жылқы мінезді, қырағы адам ғана баға алады, бабын табады. Қазақтың «Адам да жылқы мінезді» және « жылқыны оның тұяғынан қатты адам ғана баға алады» деген сөздері тегін айтылмаған. Жылқының өсіп-өнуі жаз өрісін, қыс тебінін тауып, дұрыс бағып-күтуге байланысты. Ең алдымен жылқы бағудағы шешуші бір кезең – қысқы тебінді пайдалана білу. Осы бір қасиетті түліктің қазақ халқы үшін орны өте−мөте ерекше. Қазақы жылқы қазақтың ұлттық сана−сезім, рухани болмыс, тұрмыс−салт, әдет−ғұрып, мәдениет пен өнерінің тұтас бір айырылмас бөлігіне айналып кеткен. Жарынан кейінгі жақсы көретін жан серігі, қасиеті қанына сіңген – жануар. Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні сондай қазақ жылқы мінезді деп, өзінің мінез−құлық, бітім−болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған. Мал басын көбейтуге аса мән берілді. Жылқының стратегиялық маңызы ескеріліп, әскерге, ауыл шаруашылығының жұмысына жүйелі селекция жүрді. Сонымен бірге жылқы жылқы еті өзге ет өнімдері ішінде үлесі 80 пайызды құраса, бие сүті сиыр сүтінен кейін екінші орында тұратын. Жылқының осындай артықшылықтарын білетін шаруа бұрыннан ақ осы кәсіпті бастауды ойлап жүрген болатын. Ақыры мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсібін бастау бақыты бұйырды. Еті де, сүті де көзін тапсаң аққан бұлақтай ағынды пайда әкелетін кәсіпті бастаған шаруа алдағы уақытта бие басын көбейтуді жоспарлап жүр.