Тәтті түйіндерден мол төнім алып отыр Түркістан облысының шалғай шетінде орналасқан Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандарының шаруалары ауыл шаруашылығы саласын жандандырып отыр. Аталған үш ауданның дихандары, мақта, қауын, қарбыз, жүзім, алма тағы да басқа өнімдерді өсіріп, жыл сайын мол өнім алады. Осы ауданның қауын, қарбыздары шетелдерге экспортталуда. Ал Жетісай өңірі республикамызда шитті мақтаның негізгі өндірушілерінің бірі ретінде ғана емес, сонымен бірге атақты қауындарымен, қарбыздарымен, сондай-ақ жүзімдерімен де танылған. Бірнеше жылдан бері жүзімнің сапалы сұрыптарын өсіріп келе жатқан шаруа қожалықтарының бірі – Жылу су ауылдық округіндегі «Ерте-Агро» серіктестігі. Аты айтып тұрғандай бұл жерде минералды сулары бар атақты курорт орналасқан. Талай ауруға шипасы бар емдік суды республикамыздың түкпір, түкпірінен сондай-ақ шетелден де іздеп келеді. «Ерте-Агро» шаруашылығының іргетасы 2017 жылы қаланған. Серіктестік басшысы Е.Ерболұлы жүзім отырғызбас бұрын ол туралы білімін жетілдіруді жөн көрген. Білікті мамандардан кеңес алып, ғаламторды шарлап жүзімнің қай сұрыпы өнімді, жерсінуге қолыйлы, өнімді молынан береді осының бәріне зерттеу жүргізген. Содан кейін жүзімдік отырғызу кезінде Украинадан «Аркадия», «Лидия», «Анюта», «Велес», «Кодрянка», Т»рансфигурация», «Академик», «Дубовский» және «Байқоңыр» деген атақты сұрыптары арнайы әкелінген. Арнайы дайындалған 33 гектар алқапқа алғашқы кесінділер отырғызылған. Тәтті түйіндердің сұрыптары өнімді мол салады. Сондай ақ дәмі тіл үйірерліктей. Сұранысы да мол. Жүзім алқаптарында арнайы технологияны қолдана отырып, жүзім бағандарын тұрғызылған. Күннің көзін сүйетін өсімдік бағанға асырылып өсіріледі. Қажетті тыңайтқыштармен өңделіп, дәпумендер беріледі. Құрт түспеуі үшін, шыбын шіркей басып кетпесі үшін арнайы дәрумендері бар. Құстардан қорғаудың да өзіндік әдісі бар. Суғару жүйесі де арнайы жасалған. Жүзімдіктегі барлық плантациялар тамшылатып суару әдісімен суарылады. Шаруашылықта он ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған. Жұмысшылардың орташа жалақысы айына жүз мың теңгеге жетеді. Өткен жылы «Ерте-Агро» 400 тоннадан астам өнім алған. Тәтті жүзімнің бір келісінің бағасы ол кезде 350 теңге болатын. 2022 жылы диқандар 500 тоннадан астам өнім алды. Келер жылы бұдан да мол өнім алуды жоспарап отыр. Барлық нәрді бойына сіңіріп өскен, жергілікті өнім болғандықтын дәмі ерекше. Әрі тұтынушылар да көп. Еңбекті нақты ұйымдастырудың және бағалы өнім өсіруде қол жеткізген жоғары нәтиженің арқасында серіктестік облыста жүзім өсірумен айналысатын шаруа қожалықтары арасында алдыңғы қатарда.