Экономика 7 мыңнан астам агроқұрылым жыл басынан бері 53 млрд 818 млн теңгенің өнімін өндірген Редактор 24.11.2022 6618 1 оқу мин 7 мыңнан астам агроқұрылым жыл басынан бері 53 млрд 818 млн теңгенің өнімін өндірген Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданының орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бағытында аудан әкімі Нұрбек Бадырақовтың тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Аталған жәрмеңкеде шаруалардың өнімдері нарықтағы бағадан төмен бағада ұсынылды. Жыл сайын аудан орталығында ұйымдастырылатын дәстүрлі жәрмеңкеде ауыл округтерде еңбек етіп, ауданның ауылшаруашылық саласы аясында жоғары жетістікке мол өнім алуына бірден бір себепкер ауданның шаруа иелері болып табылады. Атап айтқанда, биыл ауданымызда 7 мыңнан астам агроқұрылым жыл басынан бері 53 млрд 818 млн теңгенің өнімін өндірген. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 млрд 446 млн.теңгеге артық. Сондай-ақ төрт түліктің де саны артып, ет өнімдерін өндіруде де жетістіктерге жетуде. 9 айда 13 мың тоннадан астам мал және құс еті, 37 мың 861 тонна сиыр сүті, 10 млн.данадан астам тауық жұмыртқасы өндірілген. Сонымен қатар, биыл 69 мың гектарға жуық аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылып, олардан 476 340 тонна өнім алынды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫ БАР «ЖАСТАР» САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫ БАР «ЖАСТАР» САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ 12.12.2024 123976 БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 200 МЛН ДАНА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРЕТІН ФАБРИКА ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 200 МЛН ДАНА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРЕТІН ФАБРИКА ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ 29.11.2024 146619 КЕНТАУДА БИЫЛ ЖЫЛЫНА 45 МЛН ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика КЕНТАУДА БИЫЛ ЖЫЛЫНА 45 МЛН ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 27.11.2024 153974