Экономика 7 мыңнан астам агроқұрылым жыл басынан бері 53 млрд 818 млн теңгенің өнімін өндірген Редактор 24.11.2022 3643 1 оқу мин 7 мыңнан астам агроқұрылым жыл басынан бері 53 млрд 818 млн теңгенің өнімін өндірген Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданының орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бағытында аудан әкімі Нұрбек Бадырақовтың тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Аталған жәрмеңкеде шаруалардың өнімдері нарықтағы бағадан төмен бағада ұсынылды. Жыл сайын аудан орталығында ұйымдастырылатын дәстүрлі жәрмеңкеде ауыл округтерде еңбек етіп, ауданның ауылшаруашылық саласы аясында жоғары жетістікке мол өнім алуына бірден бір себепкер ауданның шаруа иелері болып табылады. Атап айтқанда, биыл ауданымызда 7 мыңнан астам агроқұрылым жыл басынан бері 53 млрд 818 млн теңгенің өнімін өндірген. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 млрд 446 млн.теңгеге артық. Сондай-ақ төрт түліктің де саны артып, ет өнімдерін өндіруде де жетістіктерге жетуде. 9 айда 13 мың тоннадан астам мал және құс еті, 37 мың 861 тонна сиыр сүті, 10 млн.данадан астам тауық жұмыртқасы өндірілген. Сонымен қатар, биыл 69 мың гектарға жуық аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылып, олардан 476 340 тонна өнім алынды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории САУРАНДА ЖЫЛЫНА 10 ТОННА ҚҰЛПЫНАЙ ӨНІМІН БЕРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Экономика САУРАНДА ЖЫЛЫНА 10 ТОННА ҚҰЛПЫНАЙ ӨНІМІН БЕРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ 29.04.2024 497 Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 1 оқу мин Экономика Түркия инвесторлары Шымкентте бу-газ қондырғысын салуды жоспарлауда 25.04.2024 2681 ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖІБЕК КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ 08.04.2024 6018