Экономика Поливинилхлорид түйіршіктері мен арнайы қоспасын шығаратын зауыт іске қосылмақ Редактор 26.11.2022 19818 1 оқу мин Тоғыз жолдың торабы саналатын Арыс қаласында бүгінде ірі өндіріс ошақтары көбейіп келеді. Жуырда нарықта аса сұранысқа ие өнім өндіретін тағы бір кәсіпорын іске қосылмақ. Күні кеше Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Орта Азияда баламасы жоқ поливинилхлорид түйіршіктері мен арнайы қоспасын шығаратын зауыт жобасымен танысты. 7,5 гектар аумаққа орналасқан кәсіпорын айына 600 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Қажетті шикізат қазіргі кезде Қытай мен Түркия және Ресейден тасымалданады. Жобаның жалпы құны 1 млрд. теңгені құрайды. Зауыт іске қосылғанда кемінде 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтымақ. Кәсіпорын толық қуатына енгенде өз өнімдерін республика аумағынан бөлек, Түркия, Болгария, Тәжікстан, Өзбекстан елдеріне экспорттауды көздеп отыр. Айта кетейік, поливинилхлорид жоғары экономикалық тиімділігі мен өндірістің түрлі салаларында қолданылуы арқасында әлемдік сұранысқа ие бірден-бір материал саналады. Сондай-ақ серіктестік аумағында орналасқан құрылысқа қажетті төбе жабыны мен қабырға панельдерін, резеңкелі жол кедергілері мен кәріз құбырларын шығаратын өндірістік цех жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда аталған цехта 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған бұл жобаға инвестор 600 млн. теңгесін жұмсаған. Серіктестік өз өнімдерін республика аумағынан бөлек, алыс-жақын шетелге экспорттауды қолға алған. Теміржолдың кіреберіс жолымен жабдықталған орталықта жүк көліктерінің тасымалдау қызметі мен кедендік қызмет түрлері де өзара үйлестірілген. Оған қоса, кәсіпорынның көлік-логистикалық орталығы бір мезетте 1000—1200 тонна жүк сақтауға қауқарлы. Жалпы құны 80 млн. теңгені құрайтын орталық 15 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтиды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 17.05.2026 11246 ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 08.05.2026 8263 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 12230