Агроөнеркәсіп кешені – экономиканың бар саласы тоғысатын алып жүйе екендігі белгілі. Дәл осы сала яғни, агрокешен қарқын алса, қазба байлықтағы пайдадан кем түспек емес. Сондықтан да, Мемлекет басшысы аграрлық сектор – экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиістігін қадап айтқан болатын. Соның арқасында ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау да күшейді. Министрлік қабылдаған дамыту карталары кенжелеп тұрған бұл кешенді біраз өрге сүйремек. Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде алдыңғы шепте. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін жылжыайлар, шаруа қожалықтары да көп. Ордабасы ауданындағы Төрткүл ауылдық округіндегі “Рамазан агро” серіктестігі көктемгі егістік жұмыстарын жоғары қарқынмен аяқтауда. «Рамазан — агро» ЖШС –нің өзі биыл 558 гектар жерге мақта екті. Аудандағы ең ірі мақта қабылдайтын пункті. 2009-шы жылы құрылған «Рамазан агро» ЖШС-гі Ордабасы ауданындағы мақта өндіретін ең ірі кәсіпорын. Науқан кезінде мақта қабылдау пункті мен зауытты қоса алғанда 750 адам жұмыспен қамтылады. Алғашында 5-6 техникамен іс бастаған зауыттың бұл күнде әлеуеті жоғары. 100 — ден астам техикасы бар серіктестік 10 мың гектар мақта алқабын өндіруге қауқарлы. Төрткүл аймағындағы мақта алқаптарының 70 пайызын қамтуға техникасы қауқарлы. Алдағы уақытта 90 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Биыл ауданда 1 алқаптан 2-3 рет өнім алатын, жаңбырлатып және тамшылатып суғаратын шаруашылықтар қатары артып келеді. Сонымен қатар, ауылшаруашылығы техникаларын жаңалап, жылыжайлар салып кәсібін дөңгелетіп отырғандар қатары да көп. Атап айтар болсақ, биыл ауданда 33 370 гектарға дәнді дақылдар яғни, бидай, арпа, жүгері егілесе, 5 412 гектарға майлы дақылдар мақсары, күнбағыс егілмек. 6 634 Га-ға — мақта, 636 Га-ға — картоп, 4 829 Га-ға — көкөніс, бақша егу жоспарланған. “Рамазан агро” серіктестігінің иегіріп жатқан жерінің көлемі 723 Га құрайды. Барлығына түркиялық “Карл”, “Эдесса”, “АВ-440” бірінші және элиталы сортты мақта егіледі. 131 бірлік техникасы бар.