Бүгінде көкөніс өсіру жақсы кәсіп болып отыр. Қазіргі кезде бұл өнімдердің нарығы өте кең, жеміс-көкөніс дақылдарын тек қарапайым тұтынушылар ғана емес, түрлі өндірістің өкілдері, базарлар мен супермаркеттер де сатып алады. Жеміс-көкөніс дақылдарын тек жаңа піскен күйінде ғана сатып қоймайды, оларды маринадтайды, мұздатады, сондықтан да қазіргі уақытта жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру секілді бизнес идеясы – бұрынғыдан да өзекті. Картоп – еліміздің барлық өңірлерінің ұжымдық шаруашылықтары мен үй жанындағы бақшалары арасында кеңінен таралған дақыл. Картоп егуге дайындықты күзден бастаған шаруашылықтар жетерлік. Күнгейліктер үшін көкөністер арасында пияз ерекше маңызға ие, алқап көлемі жағынан да алғашқы орында. Бұл осы пайдалы өнімге деген сұраныстың көптігіне байланысты. Бұл өңірде пияз өсірумен біраз шаруа қожалығы айналысады. Заманауаи аграрлық технология белсенді қолданылады осы үрдістерден қалып қалмауға тырысатындар баршылық. Бұл еңбек өнімділігін арттыруға зор ықпал етеді, ал ол өнім көлемін арттыруға септігін тигізеді. Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданындағы «Бердібай» шаруа шаруашылығы биыл 1,0 га картофель,3.0 га жерге пияз екті. Алқапта 25 000 куб су сиятын бассейн соғып, сағатына 10.0 т су соратын насос қойып, 400 метр тамшылатып су жіберетін шлангамен бұрын су бармайтын жерді игеріп отыр. Қазіргі күні картоп егілген егістік толық бірінші суын ішіп, енді пияз егілген жерді суғаруға кіріскен. Картоп тұқымы да, пияз ұрығы да мол өнім беретін сорттардан болғандықтан, 300 тонна пияз, 20-25 тонна картоп өнімін жинауды жоспарлап отыр.