Экономика Шұбар ауылдық округінде мал бордақылау бағытына басымдық беріледі Редактор 23.04.2023 9873 1 оқу мин Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміз бойынша іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл азаматтарының тұрмысын түзеуге бағытталған жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтын жеңілдетілген несие беріледі. Аталған жоба аясында Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы бойынша Шұбар және Бадам ауылдық округтері пилоттық үлгіде таңдалған. Басты себептердің бірі — Шұбар ауылдық округінде мал бордақылау бағытына басымдық беріледі. Қазірдің өзінде 70-тен астам шұбарлық азамат тиісті қаржы ұйымына несие рәсімдеу үшін құжаттарын өткізіп үлгерген. Облыс әкімінің орынбасарымен бірге Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының ауылшаруашылық кешені бойынша орынбасары Рысбеков Нұрбол «Бөрте милка» сүт фермасында «Ауыл аманаты» жобасының тиімділіктерін түсіндіру мақсатында бірнеше кооператив төрағаларымен кездесуге қатысты. «Бөрте милка» сүт фермасы қазіргі таңда 30 пайызы ғана көлемде өнім шығаруда. Толық қуатқа өту үшін қосымша шикізат яғни сүт қажет. Оның бір ғана жолы-тұрғындардан белгіленген бағада сүт жинау. Бұл жоспарға жоба аясында қол жеткізуге болады. Негізінде «Бөрте милка» өнімдері аз ғана уақыт аралығында өзіндік бренд қалыптастырып, жоғары сұранысқа ие болды. Табиғи дәмі ерекше өнімді сатып алушылардың қатары да көп. Бөртенің айраны, сүті, құртын іздеп жүріп, сатып алатындар жетерлік. Бұдан бөлек дәмі тіл үйірер балмаұздақ та шығара бастады. Шеттен келген өнімдерден гөрі Бөртенің өнімін тұтынатындар қатары артып келеді. Еңбекқор аудан халқы жоқтан бар құрап, шаруашылықтарын ілгерілетіп отыр. Алдағы уақытта мемлекет тарапынан берілетін көмектің иігілігін көргендер шаруашылықтарын одан ары қарқынды дамытары сөзсіз. Ол үшін ауданда барлық жағдай жеткілікті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 38346 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 56616 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 69672