Экономика Шұбар ауылдық округінде мал бордақылау бағытына басымдық беріледі Редактор 23.04.2023 12117 1 оқу мин Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміз бойынша іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл азаматтарының тұрмысын түзеуге бағытталған жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтын жеңілдетілген несие беріледі. Аталған жоба аясында Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы бойынша Шұбар және Бадам ауылдық округтері пилоттық үлгіде таңдалған. Басты себептердің бірі — Шұбар ауылдық округінде мал бордақылау бағытына басымдық беріледі. Қазірдің өзінде 70-тен астам шұбарлық азамат тиісті қаржы ұйымына несие рәсімдеу үшін құжаттарын өткізіп үлгерген. Облыс әкімінің орынбасарымен бірге Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының ауылшаруашылық кешені бойынша орынбасары Рысбеков Нұрбол «Бөрте милка» сүт фермасында «Ауыл аманаты» жобасының тиімділіктерін түсіндіру мақсатында бірнеше кооператив төрағаларымен кездесуге қатысты. «Бөрте милка» сүт фермасы қазіргі таңда 30 пайызы ғана көлемде өнім шығаруда. Толық қуатқа өту үшін қосымша шикізат яғни сүт қажет. Оның бір ғана жолы-тұрғындардан белгіленген бағада сүт жинау. Бұл жоспарға жоба аясында қол жеткізуге болады. Негізінде «Бөрте милка» өнімдері аз ғана уақыт аралығында өзіндік бренд қалыптастырып, жоғары сұранысқа ие болды. Табиғи дәмі ерекше өнімді сатып алушылардың қатары да көп. Бөртенің айраны, сүті, құртын іздеп жүріп, сатып алатындар жетерлік. Бұдан бөлек дәмі тіл үйірер балмаұздақ та шығара бастады. Шеттен келген өнімдерден гөрі Бөртенің өнімін тұтынатындар қатары артып келеді. Еңбекқор аудан халқы жоқтан бар құрап, шаруашылықтарын ілгерілетіп отыр. Алдағы уақытта мемлекет тарапынан берілетін көмектің иігілігін көргендер шаруашылықтарын одан ары қарқынды дамытары сөзсіз. Ол үшін ауданда барлық жағдай жеткілікті. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 4677 Тау туризмін дамыту — басты назарда 1 оқу мин Экономика Тау туризмін дамыту — басты назарда 05.03.2026 14863 ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 27.02.2026 11640