Қазақстанның өзге өңірле¬рін¬¬де өспейтін ақ мақта Мақтаарал ауда¬нында өседі. Өңірде 400 мың тоннадан астам шитті мақта дайындалады. Мақта өте нәзік, кірпияз өсім¬дік. Жауы көп. Құрттар мен түр¬лі зиян¬ке¬тердің алдын алып отырмаса, мез¬гілінде су ішпесе, агротех¬никалық талаптар орындал¬маса өнім бермей қалатын сәттері бар. Ливерпуль мақта биржасындағы ба¬ғаға тәуел¬ділігі де шаруалар¬ды біраз діңкелететіні бар. Ди¬қандар 40-50 градус аптаптың ас¬тында ерте көктемнен қоңыр күзге дейін маңдай терін төгіп мақта өсіреді. Алдағы уақытта Түркістан облысында мақта кластерін дамытуға күш салынады. Бұл мақсатта шитті мақтаны сатудан бөлек, мақта талшығын терең қайта өңдеуге басымдық беріледі. Түркістан облысында 126,3 мың гектар алқапқа мақта дақылы егіліп, 360 мың тоннадан астам шитті мақта жиналды. Алдағы уақытта өнім өнімділігі арта түспек. «Turkistan» индустриалды аймағында жеңіл өнеркәсіп жетекші салаға айналмақ. Шаруалар мемлекеттік субсидия мен жеңілдетілген несие беруді сұрап отыр. Бұл мәселе бүгінде басты назарда тұр. Мақта өсіріп, оны терең қайта өңдеуге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі. Бұл бағытта нақты қадамдар жасалады. Түркістан еліміздегі мақта өсіретін жалғыз өңір болып саналады. Сондықтан да мақта кластерін дамытуға күш салынуы — заңдылық. Бұл тұста Үкімет тарапынан барынша қолдау көрсетіледі. Жергілікті атқарушы билік органдары үшін бұл бағытты барынша дамыту, халықаралық нарыққа шығу маңызды болып отыр. Біздің өңірімізде өндірісті дамытуға мүмкіндік мол. Арнайы индустриалды аймақта мақта кластерін дамытуға әлеуеті жетеді. Өңірлік бағдарлама қабылданып, осы бағыттағы жұмыстарға күш салынады. Өйткені жеңіл өнеркәсіпті арттыру жаңа жұмыс орындарының көптеп ашылуына мүмкіндік береді. Мақта кластерін дамыту бойынша да жұмыс атқарылмақ. Тоқыма және тігін өнеркәсібі дұрыс дамымағандықтан, мақта талшығының бағасы халықаралық Ливерпуль мақта биржа индексіне тікелей тәуелді. Елде мақта талшығын терең өңдейтін тек 2 кәсіпорын жұмыс істейді. Сондықтан облыста өндірілген мақта талшығының небәрі 15 пайызы ғана қайта өңделеді. Бұл ретте мақта кластерін дамыту үшін алдағы 5 жылда Мақтаарал, Ордабасы, Сауран, Шардара, Жетісай аудандарында 12 тоқыма тігін фабрикаларын ашу көзделуде. Нәтижесінде, мақта талшығын терең қайта өңдеу көлемін 17 мың тоннадан, 66 мың тоннаға ұлғайтылатын болады. Қазіргі таңда, жалпы құны 22 млрд. теңгені құрайтын 3 инвестициялық жобаларды мемлекеттік жылдық 4 пайыз мөлшерлемемен несиелендіру жөнінде ҚР АШМ ұсыныс енгізілді. Түркістан облысына қарасты Мақтаарал индустриалды аймағында орналасқан «Жанасыл» мақта өңдеу зауыты өткен жылы іске қосылған. Жоба құны — 2,5 миллиард теңге. Жылына 65 мың тонна мақтаны қайта өңдеуге қауқарлы. Мұнда 150 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Түркістан облысында тәулігіне 2500 тонна томат өндіретін кәсіпорын және сағатына 10 мың шикізат шығаратын мұздатылған кептіру қондырғысы бар зауыт пен жеміс — көкөніс комбинатын салу жұмыстары қолға алынды. Жоба құны 25,5 млрд. теңге тұратын алып өндіріс кешені Шардара ауданында орналасады. 2027 жылы құрылысы аяқталатын тамақ өнеркәсібінде 300 жаңа жұмыс орны ашылады. Мақтаарал ауданында мақта өңдеу зауыты мен тігін мата фабрикасы салынады. 10 мың гектарға өзбекстандық жоғары сапалы мақта сорты өсіріліп, жыл сайын ауқымы арттырылады. Мақтааралдағы индустриялды аймақта сондай-ақ, тәулігіне 32 мың шұлық, 500 костюм тігілетін өндіріс орны ашылады. Бұл өз кезегінде облыс бюджетіне түсетін түсімді молайтуымен қатар, жергілікті тұрғындар үшін де аса маңызды. Өйткені тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.