Егіс көлемі 4,3 мың гектарға артып, барлығы 318 мың гектарға ұлғайтылды Күнгейлік шаруалар күннің көзі жылт етісімен кетпеніне жармасады. Ала жаздай бел жазбай тер төгіп, күзде «балапан санай бастайды». Көктемі ерте келетін Жетісай, Мақтаарал, Сарыағаш, Келес аудандарының диқандары қашаннан ерте қамданады. Қыс бойы шаруалар техникасысын майлап, жөндеп, қыс шанасын жазда сайлап қояды. Тұқымдық дәндерін алдын-ала дайындап, күннің көзі қыза бастағаннан жерін жыртып, егінін салып, қырман дүбірін қыздыра түседі. Жыл бойғы азықтың алғашқы бастаушысы осы еңбектің өнбегі үшін бүгінде дихандар тер төгуде. Өңірдегі агроқұрылымдардың көктемгі дала жұмыстарын аяқтап, аз кем ерте пісетін өнімдерінің біразын сатып та үлгерді. Былтырғыға қарағанда биыл қар көбірек жауды. Бұл да болса егістік жерлерге тигізер септігі мол. Одан қалса жауын-шашын көктің молаюына пайдасы мол жауын шашын да көп жауды. Дәл қазір жер бусанып тұр. Агрокешендерді дамыту мақсатында ауыл шаруашылығы саласының мамандары атсалысып жүр. Еккен өнімнен көл көсір өнім алу шаруаларға ғана емес, сала мамандарына да үлкен жауапкершілік жүктейді. Жыл жылжыған сайын Түркістан облысынада егіс көлемін артып келеді. Ендігі меже тек қана көлемін арттырып қана қоймай, сапаға мән беретін уақыт жетті. Бүгінде сапалы тұқым іздеп сабылған бір жұрт. Өйткені дихандар сапалы тұқымнан мөл түсім түсетінін ұғынды. Әрі жаңа технологиялардан да шет қалмай, жаңалықты ендіру қажеттігін де түсініп отыр. Сондықтан да сапалы өнім алу тұқымның сорты мен тыңайтқышқа да, суға да тәуелді. Тұқым жақсы болса өнім шығымдылығы да жақсы, түскен табыс та артады. Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ресми мәліметтеріне сүйенсек, биыл облыс бойынша ең кемі 860 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған. Егістікті әртараптандыруға сәйкес дәнді дақылдардың егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,3 мың гектарға артып, барлығы 318 мың гектарға ұлғайтылды. Ал, мал азығы дақылдары алқабы 6,7 мың гектарға көбейіп, 227,7 мың гектарға жетті. Көкөніс, картоп, бақша дақылдарын егетін алқап 9,7 мың гектарға ұлғайтылып, 129,1 мың гектарды құрайтын болады. Керісінше мақта плантациясы өткен жылмен салыстырғанда 14,9 мың гектарға қысқарады. Майлы дақылдар алқабы да 6,3 мың гектарға қысқартылып, 73,5 мың гектар болады. Бұл күндері өңірімізде қолдағы техникалардың күшімен танаптарды жырту жұмыстары қарқын алып келеді. Биыл 488,6 мың гектар жер жыртылуы тиіс болса, осы аптаның басына дейін нақты 439,4 мың гектар танап жыртылды немесе тапсырма 90%-ға орындалды. Жалпы, 67,8 мың гектардың сорын шаю жұмыстары жоспарланса, қазір бұл жұмыстың 59%-ы жүзеге асырылды, яғни 115 мың гектар алқаптың соры шайылды.