Экономика «Зортөбе» каналынан елді мекенге келетін су көлемін арттыруды тапсырды Редактор 25.04.2023 5344 Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданында су ресурстарын дамыту мәселесі басты назарда тұр. Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Айдарұлы Жібек жолы ауылдық округіне арнайы барып, елді мекендердегі өзекті мәселелер бойынша шешу жолдарын қарастырды. Атап айтқанда Жаңатұрмыс елді мекенінде ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған дәрігерлік амбулаторияның орналасатын жерінің мәселесін шешу бойынша жер иелерімен келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде елді мекен аумағынан 0,40 га жер учаскесі дәрігерлік амбулатория құрылысы үшін берілетін болды. Айта кетсек, аталған дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталып, іске қосылғаннан соң 1 ауысымда 25 адамды қабылдауға мүмкіндік береді. Мұнан соң аудан басшысы облыс әкімінің жеке қабылдауында аудан тұрғыны тарапынан айтылған өтініштер бойынша Зортөбе елді мекеніне арнайы барып, өзекті мәселелермен танысты. Мұнда елді мекендегі үй іргелік жерлер мен егістік жерлерге ағын су тапшылығы орын алған. Бұл мәселе бойынша аудан басшысы тиісті мекеме басшысына «Зортөбе» каналынан елді мекенге келетін су көлемін арттырып, үй іргелік жерлерге ағын суды жеткізу жолдарын қарастыруды тапсырды. Сонымен қатар елді мекендегі жайылым жер мәселесі де талқыланды. Бүгінгі таңда елді мекенде 40 гектар ортақ мал жайылым жерлері бар. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылы елді мекенге қосымша ортақ мал жайылымға 160 гектар аумақ бекітіп беру жоспарлануда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории КЕНТАУДА БИЫЛ ЖЫЛЫНА 45 МЛН ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика КЕНТАУДА БИЫЛ ЖЫЛЫНА 45 МЛН ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 27.11.2024 1322 САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 26.11.2024 5796 ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 1 оқу мин Экономика ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 26.11.2024 4781