Экономика «Зортөбе» каналынан елді мекенге келетін су көлемін арттыруды тапсырды Редактор 25.04.2023 14597 Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданында су ресурстарын дамыту мәселесі басты назарда тұр. Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Айдарұлы Жібек жолы ауылдық округіне арнайы барып, елді мекендердегі өзекті мәселелер бойынша шешу жолдарын қарастырды. Атап айтқанда Жаңатұрмыс елді мекенінде ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған дәрігерлік амбулаторияның орналасатын жерінің мәселесін шешу бойынша жер иелерімен келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде елді мекен аумағынан 0,40 га жер учаскесі дәрігерлік амбулатория құрылысы үшін берілетін болды. Айта кетсек, аталған дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталып, іске қосылғаннан соң 1 ауысымда 25 адамды қабылдауға мүмкіндік береді. Мұнан соң аудан басшысы облыс әкімінің жеке қабылдауында аудан тұрғыны тарапынан айтылған өтініштер бойынша Зортөбе елді мекеніне арнайы барып, өзекті мәселелермен танысты. Мұнда елді мекендегі үй іргелік жерлер мен егістік жерлерге ағын су тапшылығы орын алған. Бұл мәселе бойынша аудан басшысы тиісті мекеме басшысына «Зортөбе» каналынан елді мекенге келетін су көлемін арттырып, үй іргелік жерлерге ағын суды жеткізу жолдарын қарастыруды тапсырды. Сонымен қатар елді мекендегі жайылым жер мәселесі де талқыланды. Бүгінгі таңда елді мекенде 40 гектар ортақ мал жайылым жерлері бар. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылы елді мекенге қосымша ортақ мал жайылымға 160 гектар аумақ бекітіп беру жоспарлануда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 17.05.2026 12408 ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 08.05.2026 9654 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 13470