Экономика Жұмыртқа мен құс етін өндіру табысты дамып келеді Редактор 27.04.2023 14809 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Сарыағаш өңірінде жұмыртқа мен құс етін өндіру табысты дамып келеді. Қапланбек ауылдық округінде орналасқан «Бесқара» құс фабрикасы жылына 80 миллионға жуық жұмыртқаны нарыққа шығарады. Бұл әрине рекордтық көрсеткіш. Дарбаза ауылдық округіне қарасты 11 гектар жерді алып жатқан «Сарыағаш құс» ЖШС-нің құс фабрикасының өнімдерін сатып алушылардың қатары қалың. Құс жұмыртқасы қоймада жатып қалған кезі жоқ. Кәсіпорын 2012 жылы ашылған болатын. Тәулігіне 35 мың дана жұмыртқа өндіріліп, облыс базарларында ғана емес, шетелге де экспортталуда. Бүгінге дейін мұнда 60-тан астам жергілікті тұрғын жұмысқа орналасты. Зауыт заманауи қондырғылармен жабдықталған және нарықта сұранысқа ие жоғары сапалы өнім шығаруға барлық мүмкіндіктерге ие. Құс фабрикасының құрылтайшысы әрі негізін қалаушы М.Әбдібаевтың айтуынша, серіктестік өніміне сұраныс жоғары. Кәсіпорынның алдағы уақытта өндірісті одан әрі дамытып, жаңғыртып, өнім өндіру үдерісін арттыруды жоспарлап отыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 38558 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 56785 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 69827