Экономика Жұмыртқа мен құс етін өндіру табысты дамып келеді Редактор 27.04.2023 19864 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Сарыағаш өңірінде жұмыртқа мен құс етін өндіру табысты дамып келеді. Қапланбек ауылдық округінде орналасқан «Бесқара» құс фабрикасы жылына 80 миллионға жуық жұмыртқаны нарыққа шығарады. Бұл әрине рекордтық көрсеткіш. Дарбаза ауылдық округіне қарасты 11 гектар жерді алып жатқан «Сарыағаш құс» ЖШС-нің құс фабрикасының өнімдерін сатып алушылардың қатары қалың. Құс жұмыртқасы қоймада жатып қалған кезі жоқ. Кәсіпорын 2012 жылы ашылған болатын. Тәулігіне 35 мың дана жұмыртқа өндіріліп, облыс базарларында ғана емес, шетелге де экспортталуда. Бүгінге дейін мұнда 60-тан астам жергілікті тұрғын жұмысқа орналасты. Зауыт заманауи қондырғылармен жабдықталған және нарықта сұранысқа ие жоғары сапалы өнім шығаруға барлық мүмкіндіктерге ие. Құс фабрикасының құрылтайшысы әрі негізін қалаушы М.Әбдібаевтың айтуынша, серіктестік өніміне сұраныс жоғары. Кәсіпорынның алдағы уақытта өндірісті одан әрі дамытып, жаңғыртып, өнім өндіру үдерісін арттыруды жоспарлап отыр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 17.05.2026 12408 ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 08.05.2026 9654 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 13470