Түркістан облысының дихандары мал азықтық дақылдарды себуді аяқтап та үлгерді. Ауа райының тосын мінез танытуы дихандарды біраз әбігерге слағаны рас. Дегенмен белгіленген уақыттан сәл кешіксе де уақытылы аяқтап отыр. Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданының шаруалары жоңышқа егуді аяқтап үлгерді. 200 гектар жерді арам шөптен арылтып үлгерді. Биылғы жылы жоңышқа егістерінің плантациялары болжам бойынша 2500 гектарды құрайды. Осылайша, жалпы жем-шөп саласы өткен егістіктермен бірге 5300 гектарды құрап отыр. Жетісай ауданында мақта егістігі басым, оны биылғы маусымда шамамен бес мың гектарға қысқартып, шамамен 44-45 мың гектарға жеткізу туралы шешім қабылданған болатын. Босаған жерлерді көкөніс және бақша дақылдары алады: олар қазірдің өзінде ерте қырыққабат дақылдарын 300 гектарға ұлғайтып, барлығы 1200 гектарға егіп қойған. Жоңышқаның көкөніс пен бақша дақылдарына қарағанда тиімді емес деп санайды шаруалар. Дегенмен Шардара ауданында мал азығын өндірушілер көп. Шардаралықтар, расында, облыс аудандарының тең жартысының малын жем шөппен қамтамасыз етіп отыр. Өткен маусымда олар жиналған жем-шөптің 40 пайызға жуығын, оның ішінде біразын Жетісай және Мақтаарал өңірлеріне өткізген болатын. Шөп шабу кезінде әр гектардан орта есеппен 118 центнерден жоңышқа өндірілген болатын. Биылғы маусымда былтырғыдан сәл артық, 4100 гектар жерге жоңышқа егуді көздеп отыр. 40-қа дейін себу агрегаттары егістікке шықты. Жоңышқаның тек жем ретінде ғана емес, топырақты азотпен табиғи байытушы тыңайтқыщ есебінде де маңызы зор. Жыл сайын егістікке мақта еге бергеннен кейін жер сортаңданып, құнарлылығы кемиді. Сондықтан да жерді демалдырып,тұрған да маңызды дейді шаруалар. Сол себептен де мақта егетін аудандарда мақта-жоңышқа ауыспалы егісін сақтаудың маңызы зор екенін атап өткен жөн.