Қаңтар айында Түркістан облысы логистиканың қиындығына қарамастан бұрыннан келе жатқан серіктестерімен сауда байланысын жалғастырған болатын. Бір айдың ішінде Ресей, Өзбекстан, Молдова, Түркия, Латвия, Беларусь, Германия, Қытай кәсіпорындарын тереңірек өңдеу үшін бізден аздаған мақта талшығы – 10 400 тонна сатып алынды. Қазақстан экономикадағы жаһандық катаклизмдерге байланысты кейбір қиындықтарға қарамастан, ұзақ мерзімді шетелдік әріптестермен қарым-қатынасын үзген жоқ. Ақпан айында саудагерлер Түркістан облысының мақта өнімдеріне қызығушылық танытты. Қазақстан – аграрлық мемлекет. Сондықтан елімізде ауыл шаруашылығы саласын ілгерілету – басты назарда. Әсіресе агрокешендерді дамытуға бүгінде баса назар аударылып отыр. Бұдан бөлек, мал шаруашылығына, ет экспортына айрықша көңіл бөлінуде. Өйткені қазіргі уақытта қазақстандық ет өнімдеріне Сауд Арабиясы, Вьетнам сынды елдер қызығушылық танытып отыр. Бұл алдағы уақытта ет экспорты тағы да артады деген сөз. Аудандарда ауыл шаруашылығы кооперативтерінің көптеп құрылуы да сүт және ет өнімдерінің шетке көптеп шығарылуына өз септігін тигізіп отыр. Мал етінің экспортқа шығарылуына бірден-бір қозғау салған – ауыл шаруашылығы саласында қабылданған ұлттық бағдарламалар мен жобалар болатын. Облыстың экспорттық өнімдерінің тізіміне сиыр еті енгізілді. Жлдың басынан бері шетелге 877 тонна, сонымен қатар 376,5 тонна қой еті сатылған. Сатып алушы көрші Өзбекстан болған.