Аграрлық сектор экономикамыздың көшбасшысы саналады. Оған мемле-кет көп қаражат құйып жатыр. Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы қажеттігі басты назарда тұр. Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру міндеті қойылған болатын. Бұдан бөлек, негізгі міндет – еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын биыл 2,5 есе көбейту болып отыр. Жалпы, еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуға мүмкіндігі де, қауқары да жетеді. Елімізде етті мал шаруашылығын дамытудың жаңа бағдарламасы іске қосылғаны белгілі. Мақсаты – мемлекет тарапынан шаруаларға кешенді түрде қолдау шаралары арқылы саланың экспорттық әлеуетін арттыру, жемшқп қорын молайту, еңбек өнімділігін көтеру болып табылады. Елімізде мал шаруашылығын, оның ішінде етті мал шаруашылығы саласын дамытуға қажетті барлық қолайлы жағдайлар жасалып отыр. Түрлі жобалар, түрлі бағдарламалар жыл сайын ауыл шаруашылығын өркендету үшін жүзеге асырылуда. Елімізде жайылымдық жердің көлемі аса зор. Осы сала мамандарының айтуынша мал шаруашылығы үшін 180 миллион гектардан астам жайылымдық жер бар екен. Бұл дегеніңіз мал шаруашылығын дамытуға мол мүмкіндік береді деген сөз. Бүгінде Түркістан облысында мал шаруашылығын өрістетіп отырған шаруа қожалықтары көп. мал бордақылаумен, етті, сүтті бағыттағы кәсіпорындар қатары артып келеді. Олардың біразы әу басты кішігірім шағын шаруашылықтар болса бүгінде мал басын мыңнан асырып отырған ірі шаруашылықтарға айналып отыр. Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданындағы «Жалмұрат» шаруа қожалығы бүгінде Тастұмсық ауылдық округінде 22 бас сиырға арналған шағын ферма салып бастаған болатын. Осы саланы әбден жете зерттеген шаруашылық басшысы тиімді болуы үшін канадалық жүйе бойынша ресейлік фермерлердің үлгісімен салынған. Сиырлардан мол сүт алу үшін мұнда барынша жағдай жасалған. Ферма ішінде ауа ауысып тұратындай құрылымдары жеңіл,полиэтиленмен жабылған саңылаулар арнайы қалдырылған. Шаруашылық басшысы ең сүтті сиырларды таңдады. Қостанай қаласынан голштиндік және ақ-қара тұқымды 12 бас сиыр әкелінді. Сүтті сиырлардың бағымы да жақсы. Жем шөбін беру, суын беру бәрі де жүйелендірілген. Сиырдың күтімі жылқыға қарағанда жеңілірек. Оған түрлі шөпті беруге болады, күйсеп тұра береді. Ол малға әуелі аралас жем (комбикорм) сатып алады. Мұндай жемнің құрамында жеті түрлі қоспа болады. Ірі қаралардың сүтті көп беруіне септігі мол. Бір жерде тұрып бағылған малдың күтімі жақсы болмайтыны белгілі. Сондықтан да олар арнайы далаға шығарылып, бағылады. Түлкібастың тауларындағы түрлі дәрумендерге толы шөптерен қоректенеді. Одан бөлек, арнайы жем шөп беріледі. Жаңа туылған бұзауларға да арнайы күтім жасалады. Ол үшін арнайы питомник салынған. Істің көзін тапқан шаруа алдағы уақытта сауынды асыл тұқымды сиыр басын 50 басқа жеткізу жоспарлап отыр. Осы қарқыннан таймаса аз ғана уақытта жетуге болады дейді. Мұнымен ғана шектеліп қалуды жөн көрмейтін шаруа сүт өнімдерін өңдеумен айналысып, алдағы уақытта қаймақ, май, айран өндіріп сатуды жоспарлап отыр. Ол үшін мүмкіндік көп.