Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданында бүгінде ауыл шаруашылығының дамуына қомақты болмаса да өзіндік үлесін қосып отырған шаруашылықтар жетерлік. Олардың біразы жылыжай шаруашылығымен де, мал шаруашылығымен де айналысып, екі саланы қатар өрістетіп отырғандар баршылық. Солардың бірі Сарыағаш ауданындағы Жібек жолы ауылдық округіндегі М. Даулетов басқараатын «Махамат» шаруа қожалығы. Жастайынан ауылда еңбек етіп, шыныққан шаруашылық басшысы үшін агроөнеркәсіп кешенін дамыту аса бір қиын шаруа емес. Кеңес одағы тарап, бәрі босып жатқан кезеңде жер бөлу басталып, отбасымен бірге жеке шаруа қожалығын ашу үшін бел буып, жылыжай салатын жер алды. Дәл осы уақытта мемлекет жылыжай шаруашылықтарын субсидиялау бағдарламасын қолға алды. Дәл сол кезеңде жеке шаруашылықтардың дамуына көп қолдау көрсеткен мемлекеттік бағдарламалар көп болды. Соның арқасында шаруашылығын өрістетіп, аяқтан тік тұрып кетуге сол мүмкіндік туды. Алғашында үлеске тиген аз ғана жерді төрт жарым гектарға дейін кеңейтуге көмектесті. Қолдаудың арқасында біраз шаруашылық жақсы дамып кетті. Бау-бақша отырғызды, мал әкелді, мал басын көбейтті, жылыжай шаруашылығын жүргізді. Бәрі де мемлекеттік бағдарламалардың арқасында. Субсиядан да, жанар жағар майдан да, тыңайтқыштан да мемлекет көп қолдау көрсетті. Мұның бәрі үлкен жеңілдік әрине. Жылыжайға кететін көмір, коммуналдық қызмет ақыларының біразы қалтаны тықырлап тастайды. Бүгінде екі жарым гектар жылыжайды игеріп, мол өнім алып отыр. Бүгінгі уақытта жылыжай шаруашылығын жүргізу оңай емес. Бір ғана өнімммен жылыжайды өрістету қиындау. Сондықтан да жылыжай аумағын біраз бөлікке бөліп, әртүрлі дақылдар: қияр, қызанақ, болгар бұрышы, баклажан өсіріп отыр. Өйткені түрлі көкөністерді сату жеңілдеу тиеді. Жоңышқа егуге үш гектар жер бөлінді, соған жыл сайын егіс егіп, молынан жинап алады. Ұдайы дамып отыруға көңіл бөледі. Өйткені шаруашылықтарға көптеген жаңалықтар енгізілді. Шетелдіктердің өнімнің өсімталдығын арттыратын тәжірибесін жиі бақылап отырады. Оны өзінің шаруашылығына енгізуге күш салуда. Өзбекстанда жасалған жаңа препаратты қолданып көру идеясы да бар. Ол өнімділікті арттырады, тамыр жүйесін жақсартады, өсімдіктің өсу циклін ұзартады. Шаруашылық басшысы алдымен өзімізде тәжірибеден өткізіп көрейік жақсы нәтиже болса өзге шаруашылықтарға да ұсынып көреміз деп отыр. М.Давлетов, «Махамат» шаруа қожалығының басшысы: «Біз жаңа дақыл – Андор қамысы өсіруді қолға алмақпыз. Одан ДСП, ДВП, целлюлоза және басқа да құрылыс материалдары жасалады. Мен технологияны жақсы түсінемін, менің ойымша, бұл келешегі зор сала. Құрылыс материалдарына сұраныс ешуақытта да тоқтаған емес. Сондықтан өте өтімді тауар болары сөзсіз. Алдағы уақытта қойған жоспарларымыз өте көп». Сондай -ақ аталған шаруашылық мал шаруашылығын да өрістетіп отыр. Бүгінде шаруашылығында 150 қой, жылқы және ірі қаралар бағып отыр.