Түркістан облысына қарасты Келес ауданындағы Біртілек ауылдық округі аумағында орналасқан «Нұржан» шаруа қожалығы бүгінде аудандағы ірі шаруашылықтардың бірі. «Нұржан» шаруа қожалығы он екі жылдан жылыжай шаруашылығын өрістетумен айналысып келеді. Онда бір ғана қызанақтың 40 -тан астам түрлі сорты өсіріледі. Шаруа қожалық иесі өзінің өнім алу технологиясының аса қиын еместігін айтады. Бүгінде оның иелігінде 8 гектарлық жылыжай бар. Онда 10 адам тұрақты жұмыспен, қалған 40-қа жуық азамат маусымдық жұмыстарға тартылады. Жылыжайда көкөністің қырыққабат, қызанақ, қияр құлпынай және бұрыштың сан түрлі сорттары өсіріледі. Бұдан бөлек, жылыжай кешенінде баялдының 2 түрі өседі. Шаруа қожалықтың жалпы жер көлемі –- 11 гектарды құрайды. Кешеннің ерекшелігі – озық технологияны қолдана отырып тұрғындарды көкөніс және түрлі көшеттермен қамтамасыз ету. Айта кетерлігі, шаруа қожалығының ерекшлегі көп. Мұнда жылыжай кешеніне қажетті жабдықтарды да өздері өндіреді. Сонымен қатар кәсіпкер көкөністерді тұқым күйінде егіп, шаруаларға дайын көшет күйінде саудалауды қолға алған. Бүгінгі таңда облыста ауыл шаруашылығын дамыту үшін өңірге 11 млрд. теңге қаржы қаралып отыр. Жылыжайды да, егін шаруашылығын да дамыту үшін судың алар орны маңызды екендігі белгілі. Су ресурстарын тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Түркістан облысына қарасты Келес ауданында суармалы жерлерді көбейту мақсатында канал, қашыртқы жүргізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Облыстың түкпір түкпіріндегі каналдар мен қашыртқылардың көпшілігі Келес өзенінен тарайды. Осылайша Келес өзенінің маңызы артып отыр. Облыс аумағындағы шаруа қожалықтарын суландыру жүйесінің басым бөлігі Өзбекстан Республикасымен қатар, Сарыағаш ауданынан келетін су жүйелері бар. Соның арқасында шаруалар жаздың аптап ыстығында да судан тарықпайды. Ала көктемде аудандық тиісті бөлім тиісінше аумақтағы каналдарды тазартып жөндеу жұмысымен айналыса бастайды. Өткен жылы жалпы ұзындығы 120 шақырымдық 28 канал мен 10 қашыртқы су жүйелеріне ағымдағы жөндеу және механикалық тазалау жұмыстары жүргізілген болатын. Соның жалғасы ретінде биыл да аталған шаруалар жалғасын табуда. Жалпы ұзындығы 78,6 шақырымды құрайтын 12 каналға механикалық тазалау және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін жоспарға сәйкес, ұзындығы 117,6 шақырымдық 24 канал мен қашыртқыларға тазалау жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл жұмыстар келер жылы да жалғасын табатын болады. Шаруаларды ағын судан тарықтырмау күн тәртібінен түспейді.