Түркістан облысы мал шаруашылығын дамытуда жеткен жетістіктері көп. мал басын көбейту, мал басын асылдандыру жұмыстары жанданып келеді. Мал шаруашылығын дамыту үшін ветеринария саласының қосар үлесі де қомақты. Асыл тұқымды мал басының өлім жітімі көбеймесі үшін бүгінде алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Жуырда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен «Облыстағы энзоотиялық іс-шаралардың атқарылуы және ветеринария саласы бойынша өзекті мәселелері» жөнінде мәжіліс өткізілді. Мәжіліске облыстық ветеринария басқармасы басшысы, ҚР АШМ ВБжҚК-нің ТО аумақтық инспекция басшысы, аудан, қала әкімдерінің салалық орынбасарлары, облыстық «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК басшысы, осы мекеменің аудан, қалалық филиал басшылары және тиісті мамандар қатысты. Түркістан облыстық ветеринария басқармасы басшысы м.у.а А.Тағаев өңірдің ветеринария саласында атқарылып жатқан жұмыстарды және осы саладағы өзекті мәселер жөнінде баяндама жасады. «Энзоотиялық» іс-шараларды «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК-н жүргізуде, бұл іс-шараны атқаруда 17 дана сәйкестендірілген ДУК автокөлігі және 1552 маманда жұмылдырылып, мамандар арнайы қорғаныс киімдермен қатамасыз етілген (372 дана ранцтік аппарат, 1552 дана арнайы киім, 9312 дана респиратор, 3104 дана көзілдірік, 1 552 дана етік, 7 760 дана қолғап, 17 дана мотопомпа, 17 дана су бүріккіш техникалар). Энзоотиялық іс-шараларды жүргізу жұмыстары бойынша инсектоакарицидті дәрі дәрмектерді сатып алуға жергілікті бюджеттен 410,3 млн. теңге бөлінді және жануарларды, үй іргелік қоражайлармен жапсарлас аумақтарды, суаттарды, мал иірімдерін залалсыздандыру еңбек ақысына 482,6 млн. теңге бөлінді. Көктемгі энзоотиялық аурулардың алдын алу үшін, залалсыздандыру жұмыстары ағымдағы жылдың 27 наурызнан басталып, бүгінгі таңда бүрку ірі малдар 251 683 бас (17%), тоғыту ұсақ малдар 416 421 бас (8,7%) үй іргелік қора жайлар мен жапсарлас аумағы 23053169 ш/м (62%) дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп, мал иірімдерін, суаттарын, жайылымдарын 14593134 ш/м (100%) залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Құтыру ауруының алдын алу және таралу жолдарын болдырмау мақсатында қаңғыбас ит, мысықтарды аулауға бюджеттен 54,8 млн. тг. бөлініп, бүгінгі күнге жоспарға сәйкес, 20 516 бас ауланып жансыздандырылды. ҚР Ветеринария туралы Заңына сәйкес, «елді мекендер аумақтарын санитариялық тазалауды ұйымдастыру» және ҚР жергілікті өзін-өзі басқару Заңына сәйкес, статистикалық деректемелер қалыптастыру ауыл округ әкімдерінің құзыретіне берілген. ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына сәйкес, аудан, қаланың түрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар бөліміне бірыңғай бюджеттік сыныптамасына 056 «Үй жануарларына арналған баспаналар, уақытша ұстау пункттерін салу» бюджеттік бағдарламасы енгізілген. Бұдан бөлек, ҚР Ветеринария Заңына сәйкес, аудандық ветеринариялық ұйымды ауыл округтеріндегі ветеринариялық бекеттерді қызметтік ғимараттармен қамтамасыз ету аудан, қала әкімдігінің құзіретінде. Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары Е. Кенжеханұлы мәжіліс қортындысымен аудан, қала әкімдеріне ветеринариялық іс-шаралар сапалы жүргізу мақсатында келесі тапсырмаларды берді: ҚР Ветеринария туралы Заңына сәйкес, ауыл округ әкімдері тарапынан механикалық тазалауды ұйымдастыруды; Ауыл әкімдері жүргізетін шаруашылық есепке алу кітабын жүргізу және мерзімінде жаңартып отыруды; ҚР Қаржы министрінің «Біріңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» №403 бұйрығына сәйкес, қараусыз қалған жануарларға панажай салуды ұйымдастыруды; ҚР Ветеринария Заңына сәйкес, аудандық ветеринариялық ұйымды ауыл округтеріндегі ветеринариялық бекеттерді қызметтік ғимараттармен қамтамасыз етуді; Облыс бойынша құжаттандырылмаған 34 дана сібір жарасы ошақтары жер телімдерін заңдастыру.