Түркістан облысында мал шаруашылығын дамытуда атқарылған шаруалар жетерлік. Жетістіктер де жоқ емес. Облыста ірі қара мал саны 4,4% — ға 1 287,8 мың бас), қой мен ешкі 3,9% — ға (5603,1 мың бас), жылқы 9,7% — ға (432,1 мың бас), түйе 4,9% — ға (39,1 мың бас), құс 2,8% — ға (2220,1 мың бас) ұлғайды. Сүт өндіру 3,4% — ға артып, 160,8 мың тн, ет өндіру 55,8 мың тн. (99,3%), жұмыртқа 57,7 млн.дана (98,4%) өндірілді. Республика бойынша ІҚМ санының 14 %, ұсақ малдың 24 %, жылқының 11 %, түйенің 14 % және өндірілген еттің 13 %, сүттің 16 % өңірдің үлесінде. Өңірде жалпы 9185 бірлік ірі қара мал бордақылау алаңдары бар. Оның 400 басқа дейін 9153 бірлік, 400 бастан – 1000 басқа дейін 15 бірлік, 1000 бастан жоғары 22 бірлік мал бордақылау алаңдары жұмыс жасауда. Сүтті қара мал шаруашылығында 25 бірлік 50 бастан-600 басқа дейінгі сүт фермалары, 2 бірлік 600 бастан жоғары озық технологиялық жабдықталған тауарлы сүт фермалар бар. Жалпы 2023 жылы төмендегі көрсеткіштер аудан, қала әкімдіктері тарапынан бекітілді. Нәтижесінде, жалпы өнім көлемі 1 трлн. 127 млрд. теңгеге жеткізіледі (НКИ – 103 %). ü Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 75,2 млрд. теңге, тамақ өнеркәсібіне 11 млрд. теңге жеке инвестициялар тарту; Егіс көлемі 860 мың гектарға орналастыру; Бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасы 9303 гектарға енгізу; Қосымша 202 гектарға жылыжайлар салу; Жаңадан 824,5 гектарға қарқынды бау, 120 гектарға жүзім отырғызу; Сақтау қуаттылықтарын қосымша 29,3 мың тн. Арттыру, 1346 бірлік а/ш техникаларын алу; Жылдық қуаттылығы 40 мың тоннаға жеміс-көкөніс өңдеу, 17 мың тоннаға ет өңдеу, 37 мың тоннаға сүт өңдеу кәсіпорындарын ашу;1000 бастан жоғары 13 бордақылау алаңын, 200 бастан жоғары 4 сүт фермасын ашу;4 бірлік ірі құс фермаларын ашу және жалпы 270,0 мың басқа отбасылық құс шаруашылықтарын ашу; 4 бірлік тоқыма, тігін және 6 бірлік жүн, тері өңдеу кәсіпорындарын ашу.