2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша негізгі су қоймаларының толықтығы келесідей: Шардара су қоймасының көлемі 4 млрд. 994 млн. м3 (96%) құрайды (2022 жылы – 5 млрд. 2 млн. м3), бұл 2022 жылмен салыстырғанда 8 млн. м3 аз. Қапшағайда (жобалық көлемі 18 млрд. 450 млн.м3) 17 млрд. 490 млн. м3 су жиналды (95%) (2022 ж. – 16 млрд. 630 м3), бұл 2022 жылмен салыстырғанда 860 млн. м3 артық. Шу өзеніндегі Тасөткел су қоймасы (жобалық көлемі 620 млн.мᶟ) рұқсат етілген көлемі 358 млн.м3, нақты көлемі – 318,6 млн. мᶟ (89%) немесе өткен жылмен салыстырғанда 79,8 млн. м3 кем (2022 ж. – 398,4 млн. мᶟ). Барлық су қабылдағыштардың ішінде тұрақты суару шамамен 12,1 км3 құрайды. Арал-Сырдария, Шу-Талас және Балқаш-Алакөл бассейндері жалпы суармалы судың 97 пайызын және бүкіл суармалы алқаптың 78 пайызын (1,6 млн.га) құрайтындығын атап өткен жөн. Түркістан және Қызылорда облыстарындағы Сырдария өзенінің бассейні бойынша ағымдағы жылы өңірдің басқа өзен бассейндері сияқты суы аз кезең үрдісі сақталуда. Өткен вегетация аралық кезеңде Шардараға ағын 2231 млн. м3-ке болжамды көрсеткіштен артық болды. Соның арқасында Шардара су қоймасы мен Көксарай контррегуляторы жобалық көрсеткішке дейін толтырылды, Қызылорда облысының көл жүйелеріне, сондай-ақ жайылымдық және шабындық жерлерге су беру жүзеге асырылды. Бүгінгі күні Шардара су қоймасы мен Көксарай контррегуляторында 6,2 млрд. м3 су жиналды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,8 млрд.м3 артық. Сонымен қатар, жоғарғы елдермен су-энергетикалық ынтымақтастық бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан-Өзбекстан-Қырғызстан су шаруашылығы және энергетика ведомстволары басшыларының кездесуі аясында вегетациялық кезеңде Тоқтоғұл су қоймасынан су ағызуды қамтамасыз ету кестесі бекітілді. 10-11 мамырда Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының (МСҮК) алдағы 84-ші отырысы шеңберінде вегетациялық кезеңге арналған су алу кестесін бекіту жоспарлануда. Осы кестеге сәйкес «Достық» каналы бойынша 920,07 млн.м3 көлемінде су беру жоспарланған, Шардара су қоймасына ағын вегетациялық кезеңге 4 221 млн. м3 көлемінде болжанады, оның ішінде Арал теңізіне су беру – 996 млн. м3. Сонымен қатар, қазақстандық тарап жазғы уақытта жоғарғы су қоймаларынан қосымша су жіберуді қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылдың маусым-тамыз айларына арналған «Бахри-Точик» су қоймасының жұмыс режимін келісу үшін ҚР-ТР-ӨР арасында үшжақты форматында келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл ретте, өткен жылдардағы тәжірибені ескере отырып, Қызылорда облысының әкімдігіне 2022 жылғы деңгейден күріш егу алаңын ұлғайтпау ұсынылады. Түркістан облысының әкімдігіне Мақтаарал және Жетісай аудандарында Достық каналының бойында күріш егуге жол бермеу ұсынылады. 2023 жылы Түркістан облысында 107,6 мың га алаңға мақта егу жоспарлануда, бұл 2022 жылға қарағанда 0,7 мың га артық (106,9 мың га). Су шаруашылығы комитетінің мамандары өткен вегетациялық кезеңнің тәжірибесін ескере отырып, сондай-ақ судың алдын ала болжамын талдап, ылғал сүйгіш дақылдарды қысқартуды, оларды ылғал сүйгіш емес дақылдармен алмастыруды, агромелиорациялық шараларды міндетті түрде өткізуді, ауыспалы егісті сақтауды және дара дақылды егістікті (монокультура) бір суару көзі бойына орналастыруға тыйым салуды ұсынды. Сонымен қатар, облыста суару желілерін реконструкциялау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде, осыған байланысты суару суын беру айналма каналдар арқылы жүзеге асырылады, бұл судың жоғалуына әкеледі. Осыған байланысты, облыс әкімдігіне фермерлермен су үнемдеу технологияларын барынша пайдалану, сондай-ақ суару технологияларын сақтау бойынша жұмыс жүргізу ұсынылды. Кезектілікті сақтай отырып, су айналымы әдісімен шаруашылықтар арасында суды бөлу жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын болады. Ішкі су көздеріне келетін болсақ, мұнда ерекше алаңдаушылық күтілмейді. 2023 жылдың вегетациялық кезеңіне мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстарынан су берудің келісілген кестелері жылдың болжамды сулылығын ескере отырып, Комиссияның кезекті 32-отырысында бекітілетін болады. Жалпы, министрлік күнделікті режимде жағдайды бақылайды. Елдегі су шаруашылығы жағдайы тұрақты және тұрақты бақылауда.