Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданы ауыл шаруашылығы мықты дамыған алдыңғы қатарлы аудандардың бірі. Ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі жыл жылжыған сайын артып келеді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны тұрақты, былтырғы жылы барлық көрсеткіштер жоспарға сәйкес орындалды және де ағымдағы жылдың 3 айымен өсім динамикасы сақталды. Былтырғы жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 241 млрд теңге болса, алдыңғы жылмен салыстырғанда 12%-ға өскен. Биылғы жылдың 3 айында көлемі 41,1 млрд.теңгені құрады. Басымды сала ауыл шарушылығының үлесінде. Ауыл шаруашылығы тұрақты дамуда. Соңғы 3 жылда 1,4 есеге артық өнім өндірілген. Соның ішінде былтырғы жылы 124,3 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, 14,2 млрд.теңгеге артқан. Көрсеткіш бойынша үлесі облыста 12%-ды құрап, аудандар арасында 1 орында болды. Ал, биылғы жылдың басынан 25,9 млрд.теңгенің өнім өндірілген, НКИ 103%. Биылға 52800 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарланса, бүгінгі таңға 49661 га жерге егістік егілді. Қалған 3139 гектар жерге көкөніс, жоңышқа, кеш пісетін картоп дақылдарын егу жұмыстары жүруде. Осы жылдың көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет тарапынан ауданға төмендетілген бағамен 2990 тонна жанар май бөлініп, оның 2170 тоннасы шаруаларға берілген. Оның ішінде ақпан айына бөлінгені 780 тонна, алынғаны 780 тонна, наурыз айына бөлінгені 780 тонна, алынғаны 770 тонна, сәуір айына бөлінгені 910 тонна, алынғаны 621 тонна немесе 68%, сәуір айына қарастырылған жанармай мамыр айының 20 — на дейін жалғасады, мамыр айына 520 тонна жанармайды маусым айының 20 — на дейін алынады. Жалпы аудан көлемінде 59 гектар жылыжай бар. Былтырғы жылы 103,3 га жерге тамшылатып суғару жүйесі ендіріліп, көлемі 529 гектарды құрады, 35 га жерге қарқынды бау егілді Жалпы ауданда мал бордақылау ісі қолға алынған. 1038 мал бордақылау орындарында бір мезгілде 42 мың бас мал бордақылануда, жыл басынан 3041,1 тонна сиыр еті және 1775,2 тонна қой еті экспортқа шығарылды. 2022 жылы агроөнеркәсіп кешенінде жалпы 75 жұмыс орнымен қамтылған 2,7 млрд теңгелік 4 жоба іске қосылған: Жібек жолы ауыл округінде ЖК Урунбеков «Жібек Жолы»- диірмені (құны-370,0 млн теңге) мен өсімдік майын шығаратын цех (құны – 37,0 млн теңге); Қайнарбұлақ ауыл округінде «Юг Фуд» ЖШС-і – сүт өңдейтін зауыт («Юг Фуд» сауда маркасымен ірімшік, құны – 100,0 млн теңге) іске қосылды; Ақсукент ауыл округіндегі «ЗӘУРЕ» ШҚ – 6 га жер телімінде өнеркәсіптік жылыжай жобасын (құны – 2232,9 млн теңге) іске асырды. Ал, биыл 1000 бастан жоғары 1 бірлік бордақылау алаңы (Ақбұлақ а/о «БББ и К» ШҚ) және 3 бірлік сүт-тауарлы фермалары (Манкент а/о 100 бастық «Шкурулла», «Бахтияр» ШҚ, Қарасу а/о «Умарали-ата 2» ШҚ 150 бастық фермасы) іске қосылды. Ауданда экономикалық дамудың басым бағыттары айқындалған агроөнеркәсіп кешенін дамытудың аймақтық бағдарламасы әзірленген. Соған сәйкес, 2023 жылы ауыл шаруашылығы саласында 6,1 млрд. теңгеге 8 инвестициялық жоба іске қосылып, 205 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған, оның ішінде 5 га жерге 1 жылыжай құрылысы, 2 сүт өңдеу цехы, 1 жеміс-көкөніс қоймасы, 1 жеміс-көкөністі қайта өңдеу цехы, 1 сүт тауарлы ферма, 1 мал бордақылау алаңының құрылысы және балық шаруашылығын дамыту бойынша өндірісті іске қосу жоспарда. Соның ішінде ірі жобалардың бірі бұл “Gen Group Kazakhstan” ЖШС- 5 га жерде жылыжай құрылысы. Нәтижесінде, биыл ауыл шаруашылығы өнім көлемін 133,0 млрд.теңгеге жеткізіп, тұрақты өсімді сақтап қалу көзделуде.