Республикалық меншіктегі су нысандары бойынша облыста құрылысы басталып, аяқталмай қалған су нысандарының салдарынан шаруаларды кепілді ағын сумен қамтамасыз ету мүмкіншілігі болмай, ауыл шаруашылығы өнімдерінің түсімділігінің төмендеуіне әсер етуде. Атап айтқанда: Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданы «К-30 каналын қайта қалпына келтіру» жобасы. Жобаның құны: 6,1 млрд. теңге. 2012 жылы жөндеу жұмыстары басталған. 2016-2017 жылдары жөндеу жұмыстары тоқтап қалған. 2018 жылдан бастап қайта жалғасқанымен, 2019 жылдан бері құрылыс жұмыстары тоқтап тұр. Каналдың 25 шақырымы бетондалу керек болса, оның 14 шақырымы, ішкі тармақтарының 175 шақырымы бетондалу керек болса, оның 52 шақырымы ғана бетондалған. Жоспарланған 4 насос станциясының бірде біреуі қойылмаған. Құрылысқа қаралған қаржы 6,1 млрд теңгенің, 3,6 млрд теңгесі игерілген. Атқарылған құрылыс жұмыстарының жөндеуден өткен бөліктері қайта жарамсыз күйге айналуда. Осы орайда Түркістан облыстық ауыл шаруашылық басқармасы тарапынан ұсыныс жасалып отыр, яғни, Су ресурстары комитеті тарапынан жобаға әзірленген қайта түзету (корректировка) жұмыстарын Республикалық Бюджеттік комиссия қарауына ұсынып, мамыр айының соңына дейін мемлекеттік сараптаманың қарауына енгізу. Егер осылай болған жағдайда нәтижесінде: Каналды толықтай бетонмен қаптау нәтижесінде, 13 034 гектар жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарады. Ағымдағы жылдың басында облыс әкімінің орынбасары Е.Кенжеханұлының бастамасымен облыс аумағындағы су нысандарының өзекті мәселелерін талқылау мақсатында ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Ғ. Азидуллиннің төрағалығымен мәжіліс өтті. Мәжіліс қорытындысына сәйкес, министрлікпен бірлесіп арнайы іс-шаралар жоспары әзірленді. Қазіргі таңда, іс-шаралар жоспары ҚР ЭТРМ вице-министрінің қарауында. Жетісай ауданы «К-28 каналын қайта қалпына келтіру» жобасы. Жобаның құны: 239 млн. теңге. «Шаруашылықаралық К-28 каналының ПК-86 дан ПК-145 ке дейін 5,9 шақырымын бетонмен қаптау және канал бойындағы гидроқұрылымдарды қайта құру» жобасының жөндеу жұмыстары 2010 жылы басталған. Аталған каналдың Ш.Ділдәбеков ауылдық округінен өтетін бөлігі (1,9 шақырымы) жөндеуден өткізілмей, аяқталмай қалған. Осының салдарынан төменгі бөлігінде орналасқан 3,0 мың гектар суармалы жерлерге кепілді ағын су жеткізіп беру мүмкіншілігі болмауда және Ш.Ділдәбеков а.о түсында ыза сулар пайда болып, үй іргелік жерлерде су басу фактілері орын алуда. Басқарма тарапынан ұсыныс жасалып отыр, яғни, жобаның өзектілігі кезек күттірмейтін мәселе болғандықтан аяқталмаған құрылыс жұмыстарын заң аясында пайдалануға қабылдау жұмыстарын жүргізіп, күтіп ұстаушы мекеме тарапынан 1,9 шақырымын жыл соңына дейін күрделі жөндеуден өткізу. Мақтаарал ауданы «К-20 каналын қайта қалпына келтіру» жобасы. Жобаның құны: 5,0 млрд. теңге. 2022 жылы Мақтаарал ауданындағы К-20 магистралды каналы жеке меншіктен аудандық коммуналдық меншіктің теңгеріміне сатып алынды (180 млн.тг). Каналдың жалпы ұзындығы 27 шақырым (о.і. жер арық – 5 шқ) Суармалы жер көлемі 10,8 мың гектар. Бүгінгі күні каналдың бетондалған бөлігінің тозығы жетіп, гидротехникалық талаптарға сай жұмыс жасамауда. Ал, бетондалмаған бөлігінде каналдың ПӘК 0,65-ке дейін төмендеп, ағын суды кепілді жеткізу мүмкіндігі болмауда. Мақтаарал ауданында 529 дана канал бар (о.і. Республикалық-528 дана, коммуналдық-1 дана) жалпы ұзындығы 1 152 шқ (о.і. Республикалық-1 125 шқ, коммуналдық-27 шқ). Тағы да ұсыныс Мақтаарал ауданындағы каналдардың барлығын бір қолдан басқару мақсатында К-20 каналын Республикалық меншікке қабылдай отырып, каналды қайта қалпына келтіру жұмыстарына қаржы қарастыру. Жетісай ауданы «Машиналық каналды реконструкциялау» жобасы. Жобаның құны: 14,7 млрд. теңге. «Машиналық каналдың» 2011 жылы пайдалану берілген кезден бастап, нысанның кешенінде техникалық ақаулардың орын алуы және жобалық көрсеткіштерден қуаттылығы төмендеу салдарынан «Сүлеймен ата» мазараты тұсындағы еңістері құлап, жоспарлы енінен едәуір кеңейіп, бір бетінен мазаратқа екінші бетінен К-30-II каналына жыл сайын қауіп төндіруде. Былтырғы жылы вегетациялық кезеңде барлығы 12 насостың 5-н ғана қосуға мүкіндік болып, 20-23 м3/с ағын су берілді. Басқарма тарапынан ұсыныс машиналық каналдың мәселесін шешу үшін, бірінші кезекте Ислам Даму Банкінен іске асырылатын тік дренажды ұңғымалардың құрылысын, аталған канал аумағынан (территория) басталуын қамтамасыз ету. Түпкілікті шешу үшін каналды 12 насоспен қоса толықтай қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет. Нәтижесінде: Суару маусымында (вегетация) Достық МК-на қосымша 60 м3/сек ағын су жеткізілетін болады. «Қызылқұм магистралды каналын реконструкциялау» (3-кезек) жобасы. Жобаның құны: 1,7 млрд. теңге. Бүгінгі таңда — 362,8 млн.тг қаржы игеріліп, каналдың 500 метрі бетонмен қапталған (жоба бойынша 3,8 шақырым бетонмен қапталады). Жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары 2014 жылы басталған. Реконструкциялау уақыты 10 айға жоспарланған. Алайда, реконструкциялау жұмыстары бүгінгі күнге дейін аяқталған жоқ. Қазіргі таңда, Алатау Батыр ауылдық округінің тұсында ыза сулар пайда болып, каналдың гидротехникалық жағдайы нашарлаған. Ұсыныс: Жобаға әзірленген қайта түзету жұмыстарын Республикалық Бюджеттік комиссия қарауына ұсынып, мамыр айының соңына дейін мемлекеттік сараптаманың қарауына енгізу. Нәтижесінде: Алатау Батыр ауылдық округінің тұсында пайда болған ыза сулардың алдын алып, каналдың осы бөлігінде болуы мүмкін төтенше жағдайдың алдын алады. «Қызылқұм магистралды каналын реконструкциялау» жобасы. Жобаның құны: 60,0 млрд. теңге. Қызылқұм магистралды каналының ұзындығы 106 шақырым, су өткізу қабылеті 200 м3/сек құрайды. Каналдың көлемі үлкен болуына байланысты, каналға босатылған су 1 апта көлемінде толтырылады. Сонымен қатар, каналдың фильтрациялық шығыны 70% құрауда. Салдарынан, «Алатау батыр», «Қызылқұм», «Ақшеңгелді», «Ақалтын» ауылдық округтері аумағында ыза сулар көтеріліп, жердің сорлануы орын алуда. Жыл сайын күрделеніп келе жатқан ағын су тапшылығын ескере отырып, каналдың су өткізу қабілетін азайтып, толықтай бетонмен қаптау қажет. Ұсыныс: Каналды толықтай бетонмен қаптау бойынша Су ресурстары комитеті тарапынан зерделеу жұмыстарын жүргізіп, қайта қалпына келтіру жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу қажет. Нәтижесінде: Каналда су шығыны азайып, ПӘК 0,70 ден 0,95 ке дейін артатын болады. 245 млн.м3 су үнемделеі. (жылдық лимиті 980 * 25%=245) «Көксарай су реттегішін қайта қалпына келтіру» жобасы. Жобаның құны: 35,0 млрд. теңге. Көксарай су реттегішінің жалпы су көлемі 3,0 млрд.м3. Бүгінгі таңда, Көксарай су реттегіші бөгетінің апатты жағдайда болуына байланысты, 1,8 млрд.м3-тан артық су жинау мүмкіндігі жоқ. Аталған көлемнен асырған жағдайда судың фильтрациялық шығыны нормадан 2-3 есеге дейін артып кетеді. Ұсыныс. Аталған жобаның маңыздылығы кезек күттірмейтін мәселе болғандықтан, Су ресурстары комитеті тарапынан жобалық-сметалық құжаттама әзірлеп, жыл соңына дейін мемлекеттік сараптама қортындысын алу қажет. Нәтижесінде: Төтенше жағдайдың алды алынып, 3,0 млрд.м3-қа дейін су жинау мүмкіндігі болады. Түркістан облысы Мақтаарал, Шардара және Сауран аудандарының ирригациясы мен дренаждық жүйелерін реконструкциялау (3-фаза). Жобаның құны: 35,0 млрд. теңге. (ПУИД-3) Мақтаарал, Шардара және Сауран аудандарындағы ирригация мен дренаждық жүйелеріне көп жылдар бері, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеу салдарынан техникалық жай-күйлері нашарлаған. Жоба барысында жалпы 1 590 шқ каналдар қалпына келтіріліп, 1 759 шқ қашыртқылар қалпына келтіріліп, 6 209 дана гидротехникалық құрылымдар күрделі жөндеуден, 59 дана тік дренажды ұңғымалар қалпына келтірілетін болады. Ұсыныс: Дүниежүзілік банкі қарызы шеңберінде іске асырылатын ИДЖЖ-3 кезеңінің Түркістан облысы үшін маңыздылығы жоғарғы екендігін ескеріп, Су ресурстары комитеті тарапынан жобаға техникалық-экономикалық негіздемелерін қазірден бастау қажет. Нәтижесінде: 93,0 мың. гектар жердің сумен қамтамасыз етілуі және мелиоративтік жағдайы жақсарады. «Түркістан облысында ПК-247-ден ПК-496-ға дейін түркістан магистральды каналын күрделі жөндеу (4 кезең)» жобасы. Жобаның құны: 11,5 млрд. теңге. Атқарылған жұмыстар: ЖСҚ дайын. 2022 ж. ОБ 1,0 млн.тг. қаржы бөлінді. 1,0 шқ жер жұмыстары жүргізілді. Ұсыныс. Аталған жобаның түркістан облысы үшін маңыздылығы жоғары жобалардың бірі екендігін ескеріп, Республикалық бюджеттен ағымдағы жылға құрылыс жұмыстарын жалғастыруға 5,0 млрд.теңге бөлу қажет. ҚР ЭТРМ-ге бюджеттік өтінім ұсынылды. Нәтижесінде: 29 млн. м3 ағын су үнемделеді және 25 дана гидроқұрылым автоматтандырылатын болады. «Арыс магистральды каналын күрделі жөндеу» жобасы. Жобаның құны: 46,0 млрд. теңге. Атқарылған жұмыстар: ЖСҚ дайын. Аталған жобаның түркістан облысы үшін маңыздылығы жоғары жобалардың бірі екендігін ескеріп, Республикалық бюджеттен ағымдағы жылға құрылыс жұмыстарын жалғастыруға 7,0 млрд.теңге бөлу қажет. ҚР ЭТРМ-ге бюджеттік өтінім ұсынылды. Нәтижесінде: жылына 80 млн. м3 ағын су үнемделеді. Су өткізу қабілеті 45 м3/сек тан 60 м3/сек дейін жеткізіледі. «Бөген су қоймасын күрделі жөндеу» жобасы. Жобаның құны: 15,0 млрд. теңге. Түркістан облысындағы сыйымдылығы 370 млн.м3 құрайтын «Бөген» су қоймасы 1967 жылы салынып, пайдаланылуға берілді. 2021-2022 жылдары «Бөген» су қоймасына көп факторлы зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде су қойманың жағдайы қанағаттанарлықсыз деңгейде екендігі анықталды. Ескертпе: Гидротехникалық талаптарға сәйкес бетонның жарамдылық мерзімі 50 жыл. Атқарылған жұмыстар: 2023 жылға ЖСҚ әзірлеуге ОБ 148,0 млн.тг. қаржы бөлінді. ЖСҚ әзірленуде. Жылдың соңына дейін мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алу жоспарлануда. Ұсыныс: 2024 жылға құрылыс жұмыстарын бастуға РБ-тен 5,0 млрд.теңге бөлу қажет. Нәтижесінде: Ордабасы ауданында 4 ауылдық округты (Бөген, Жеңіс, Қарақұм, Төрткүл), Арыс қаласында 2 ауылдық округты (Дермене, Ақдала) Отырар ауданында 2 ауылдық округты (Ақтөбе, Шілік) және 29,2 мың гектар суармалы жерді су басу қаупінің алды алынады, 66 мың гектар суармалы жерге кепілді ағын су жеткізіледі. «Қосқорған су қоймасы күрделі жөндеу» жобасы. Жоба құны: 7,0 млрд. теңге. Түркістан облысындағы сыйымдылығы 37,2 млн.м3, (суармалы жер көлемі 7,5 га) құрайтын «Қосқорған» су қоймасы 1982 жылы салынып, пайдаланылуға берілді. 2021-2022 жылдары «Қосқорған» су қоймасына көп факторлы зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде су қойманың жағдайы қанағаттанарлықсыз деңгейде екендігі анықталды. Гидротехникалық талаптарға сәйкес бетонның жарамдылық мерзімі 50 жыл. Қазіргі таңда ЖСҚ әзірленуде. Ағымдағы жылдың шілде айына дейін мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алу жоспарлануда. 2023 жылға құрылыс жұмыстарын бастуға РБ-тен 1,0 млрд.теңге бөлу қажет Нәтижесінде: Сауран ауданына қарасты 4 елді мекенді және Түркістан қаласын су басу қауіпінің алды алынады. Облыстағы барлық каналдардың жағдайын айтып өткен облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Т.Оспанов депутаттарға өтініш жасады. «Жоғарыда аталған жобалардың ұзақ уақыттан бері оңды шешімін таппауы, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің наразылықтарын тудыруда. Сіздерден көтеріліп отырған мәселенінің еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тигізетін маңыздылығын ескере отырып, Республикалық бюджеттен су нысандарының құрылысы мен қалпына келтіру жұмыстарына Республикалық бюджеттен тиісті қаржылардың бөлінуіне оңды ықпал етулеріңізді сұранамын».