Климаттық орналасу, жұмыс күші тұрғысында Түркістан облысы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін ең қолайлы өңірлердің бірі болып табылады. Облыстың аграрлық секторында 74 мың агроқұрылым жұмыс жасауда, өңірдің 1 млн.-ға жуық ауыл тұрғынының экономикалық әлеуеті ауыл шаруашылығымен байланысты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жыл-сайынғы халыққа арналған жолдауында, ауыл шаруашылығына бас назар аударып елімізде аграрлық саланың әлеуеті өте үлкен екендігін атап өтуде. Осы тұрғыда, Түркістан облысы құрылғалы бері ауыл шаруашылығының өсімі тұрақты даму үстінде. Соңғы 5 жылда жалпы өнім көлемі 2 есеге дейін ұлғайып, 1 трлн. теңгеден асты. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 336,4 млрд. теңгеге жеке инвестициялар тартылды. Республика халқын отандық өнімдермен қамтамасыз етуде облыстың үлесі жоғары. Өндірілген мақтаның — 100 пайызы, жүзімнің — 74 пайызы, бақшаның – 59 пайызы, жеміс-жидектің — 35 пайызы, мақсарының — 29 пайызы, жүгерінің — 26 пайызы, көкөністің – 24 пайызы және өндірілген еттің 11,4 пайызы, сүттің 12 пайызы Түркістан облысына тиеселі. Еңбек өнімділігін арттыруда, Қарқынды бау, су үнемдеу технологияларын ендіру, жылыжай шаруашылығын дамыту, бір алқаптан 2-3 өнім алу жобаларын ендіруді жүйелі дамыту үстінде. Мемлекет тарапынан «Ауыл аманты» жобасы аясында ағымдағы жылға 19,8 млрд. теңге бөлініп, ауыл шаруашылығы жобаларын жылдық 2,5 пайыз мөлшерлемемен несиелендіру жұмыстары басталды. Бұл ауыл тұрғындарының әл ауқатын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға нақты серпіліс беретіндігі сөзсіз. Дегенмен де, бүгінгі күннің өзекті мәселесі: ауыл шаруашылығында өнімді кепілді ұлғайту үшін, ағын су тапшылығын шешудің резервтік барлық мүмкіндіктерін пайдалану, жаңа құрылыстар, тозығы жеткен су нысандарын қалпына келтіруді мүмкіндігінше қолға алу қажет. Экспортқа бағытталған ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту үшін, қайта өңдеу саласын дамытудың мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктерін жүзеге асыру. Қазіргі таңда мемлекет басшысының тапсырмасына орай, елімізде су саласын дамытудың жобасы әзірленуде және ҚР АӨК дамытудың Ұлттық жобасы оның ішінде субсидиялау механизмдерін жетілдіру мәселелері жан-жақты пысықталуда.