Мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде-мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, еліміздіе қажетті азық-түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу үшін жануарларды тиісті пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бүгінде Түркістан облысында мал ауруларының алдын алу, мал бордақылаумен айналысатын шаруа қожалықтары егелеріне түсіндірме жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бұл өз кезегінде азық-түлік қауіпсідігін қамтамасыз ететін шаралардың бірі болып табылады. Жануарлардың жұқпалы емес ішкі аурулары-ауру малдардан сау малдарға берілмейтін жүрек-қантамыр жүйесінің, тыныс алу, азық қорыту, жүйке, несеп және организмнің басқа да жүйелерінің аурулары. Бұл аурулар малды шаруашылық дұрыс бағытта пайдаланбай, азықтандыру ережесін сақтамағандықтан және дұрыс күтіп байламағандықтан туындайды. Олар жалпы 90% шамасын құрайды. Әсіресе төлдердің азық қорыту және тыныс алу мүшелері жиі бұзылады. Ал, ересек малдардың арасында көбінесе зат алмасу (кетоз, остеодистрофия, авитаминоз) аурулары жиі кездеседі. Жұқпалы емес ішкі аурулар малдың өнімділігін төмендетіп, сонымен қатар жалпылай бедеуліктің, іш тастаудың, өлі туудың, мал өлімдерінің себептері болып табылады, емдеу көптеген шығынды керек етеді, ал олардан келетін экономикалық шығын, індетті және инвазиялық ауруларға қарағанда орасан зор екені мәлім. Жұқпалы емес аурулардан күресу бағытында ең маңыздысы сақтандыру шаралары болады. Оның негізгісі азықтың құнарлығын бақылау, жем-шөптің, судың сапасына бақылау жүргізу, байлап-күту, жұмысқа пайдалану кезінде зоогигиеналық ережелерді сақтау болып табылады. Сонымен қатар, малдың серуенін ұйымдастыру сұрақтары, уақытылы сақтандыру шараларын жүргізу және ауруды емдеудің де атқаратын маңызы аз емес. Жұқпалы емес аурулардың пайда болуының әр түрлі себептері болады. Олар ешқашанда дені жайлап алатын микробтардан, бактериялардан немесе басқа да тірі организмдерден пайда болмайды. Олар бір малдан екінші малға берілмейді. Мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде-мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, еліміздіе қажетті азық-түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу үшін жануарларды тиісті пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қала көлеміндегі эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу үшін жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңының 25 бабында белгіленген мiндеттерді орындауға тиісті. Жеке және заңды тұлғалар: 1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарымен белгiленген жануарлар ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелердi сақтай отырып, ветеринариялық және әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шараларды жүзеге асыруға; 2) аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге; 3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтауға; 4) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз етуге; 5) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларына уақтылы вакцина егуге және олардың диагностикасын қамтамасыз етуге; 6) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық тексеру үшiн кедергiсiз беруге; 7) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілерін орындауға; ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жәрдем көрсетуге; 9) жануарларды карантиндеуді жүргізуге; 10) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тамақ өнімін, жемшөп, жемшөп қоспаларын өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы уәкілетті органмен келісуге міндетті. ҚР АШМ ВБжҚК Жетісай аудандық аумақтық инспекциясы