Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың арнайы тұжырымдамасы бекітілді Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында 2023 жылға арналған егістік құрылымына сәйкес барлық егілетін ауыл шаруашылығы дақылдары 64485 га мына төмендегідей орналастырылды: Күздік бидай 10 029 га; Жаздық бидай 2525 га; Арпа 8795 га; Ноқат 200 га; Жүгері 350 га; Тары 145 га; Мақсары 10 499 га; Жоңышқа 29 242 га; Картоп 1200 га; Көкөністер 1500 га. 2023 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар майға ниет білдіруші шаруаларға жеңілдетілген бағада дизелы отынын босатуға 2 оператор бекітілді. Олар ЖК «Узенбаев P.К» және «Санали груп» ЖШС операторлары. Ауданға көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 2990 тонна жеңілдетілген жанар-жағар май бөлінді. Шаруалар 2 оператор арқылы жеңілдетілген жанар- жағар майды алу мүмкіндігі бар және дизель отыны 1 литрінің бағасы Шымкент қаласынан жеткізілуімен (с доставкой) 204,0 теңге құрап отыр. Аудан көлемінде 24.04.2023 жылға 2210 тонна ЖЖМ алынды. Оның ішінде «Санали групп» ЖШС 1065 тонна, ЖК «Узенбаев Р.К» арқылы 1145 тонна. Соңғы мамыр айына бөлінген ЖЖМ-ды толық шаруаларға босату жоспарымызда. Аудан көлемінде барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарында 1532 дана ауылшаруашылығы техникасы бар, оның ішінде тракторлар 706 дана, комбайндар 138, тіркемелер 417 дана және басқа да қосымша тіркемелер 271 дана. Жалпы қолда бар ауыл шаруашылығы техникаларының көктемгі дала жұмыстарына дайындығы 93,3 пайызды құрап отыр. Қазіргі таңда шаруалар субсидияға электронды түрде өтініш беру Qoldau.kz бағдарламасын тегін жұмыс жасауын сұраған болатын. Министрлік жұмысы реттеліп қалған Qoldau.kz сайтынан бас тартып, орнына gosagro.kz сайтын іске қосты. Министрліктін айтуы бойынша жаңа бағдарлама 1 ақпаннан бастап жұмыс жасап тұр екен, алайда шаруалардан келіп жатқан көптеген шағымдарға және 4 айда берілген өтінімдердің санына қарағанда gosagro.kz сайты жұмысқа дайын емес. Бұл бағдарламалардың бәрін қарапайым шаруалар емес компьютерлік технологияларды жақсы игерген адамдардың өздері әрең түсінуде. Жалпы субсидияға өтінім беру қиындық тудыруда. Бұл бойынша бөлім тарапыннан облыстық басқармаға бірнеше рет хат жолданды. Түлкібас ауданының коммуналдық меншігіндегі жалпы ұзындығы 572 шақырымды құрайтын 111 канал 2017 жылы облыс әкімінің қаулысымен «Казсушар» РМК-на өткізілген. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін көптеген жылдары бойына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізімегендіктен каналдар ескіріп, кейбір жерлерінде науалары құлап, тесіліп, су өткізу қабылеті өте төмендеп кеткен болатын. «Казсушар» РМК-ы 2020 жылы 13 су нысандарын күрделі жөндеу жұмыстарын атқару үшін 3 709,0 млн.тенгеге тендер жариялап, нәтижесінде «ВИК» ЖШС жеңімпаз атанып, 2020 жылы күрделі жөндеу жұмыстары басталып, 2022 жылдың желтоқсан айына дейін аяқталуы керек болатын. Құрылыс жұмыстары өте баяу жүргізіліп, кестеге сәйкес атқарылмай нәтижесінде 13 су нысандарына жүргізілуі тиіс 125 шақырым күрделі жөндеу жұмыстарының 27 шақырымы ғана аяқталды. Осының әсерінен ауданымыздың көптеген елді мекендеріне және шаруашылықтардың егістік алқаптарына ағын су тасымалы болмай, шаруалар үлкен шығынға батып, тұрғындардың арасында үлкен дауға айналды. 2021 жылдың маусым айынан бастап құрылыс заттарының (цемент, жанар-жағар май, арматураның) бағасының өсуіне байланысты құрылыс жұмыстар мүлдем тоқтап, «Казсушар» РМК-да жобалық-сметалық құжаттарына (ЖСҚ) корректировка жасалынуда деп «Казсушар» РМК Түркістан филиалы хат жолдады. Дәл осы ағын су жетіспеушілігі аудан көлемінде 2022 жылы қайталануын болдырмау мақсатында ҚР экология, геология, және табиғи ресурстар министрлігі су ресурстары комитетінің төрағасы Н.Алдамжаровқа, ҚР экология, геология, және табиғи ресурстары комитетінің «Казсушар» РМК бас директоры А.Елжасқа, Түркістан обылысының әкімдігінің аппаратына, «Казсушар» РМК Түркістан филиалының директоры М.Керімжановқа Түлкібас ауданы әкімінің атынан осы уақытқа дейін 5-6 рет хаттар жолданған. Дәл қазіргі мерзімде құрылыс жұмыстары толығымен тоқтап тұр. Алайда құрылыстың 30 пайызы ғана аяқталған. Сонымен қатар 2023 жылы мемлекет тарапынан жылдық үстемесі 2,5 пайыздан аспайтын несие беру жұмыстары бастау алып «Ауыл ел-аманаты» «Ауыл халқының табысын арттыру» плиоттық жобасын іске асыру бойынша Түлкібас ауданында округ, кент әкімдері 2022 жылы бір апталық оқу курсына қатысып, әр округ әкімдері өз жобаларын қорғаған болатын. Осы пилоттық жобаға қатысуға 4 округ ұсынылып, 2 округ таңдалып хаттама түзілді. Олар Балықты және Мичурин ауылдық округтері. Қазіргі таңда несие бағыттары анықталып, Мичурин округінен 4 кооператив 65 мүшесі бар және Балықты округінен 4 кооператив 105 мүшесі ашылды. Қазіргі таңда тиісті құжаттар жиналып несие беру жұмыстары алдағы мерзімде басталады. Түлкібас ауданының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. АӨК(агроөнеркәсіптік кешен) дамытудың 2027 жылға дейінгі міндеттері: Ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемін 2 есеге ұлғайту; 5 жылда АӨК негізгі капиталымен тамақ өндірісіне тартылған жеке инвестициялар көлемін 1,2 есеге арттыру; Ауыл тұрғындарының табысын тұрақты арттыру есебінен еңбек өнімділігін 2 есеге ұлғайту; АӨК қайта өңделген өнімдердің экспортын 2,5 есеге ұлғайту; Қарқынды баулардың көлемі 644,5 гектардан 1344 гектарға жеткізу жоспарда бар . 2023 жылы аудан көлемінде іске асатын ірі инвестициялық жобалар: — «Баян Сұлу» ЖШС 200 бас сауынды сиырға арналған сүт комплексі, Майлыкент ауылдық округінің аумағында орналасқан, жоба құны 1,0 млрд тенге, жұмыспен 25 адам қамтылуы жоспарлануда; — «Сармат» ШҚ мал бордақылау алаңы, Келтемашат ауылдық округінің аумағында орналасқан, жоба құны 500 млн тенге, жұмыспен 5 адам қамтылуы жоспарлануда; — ЖК «Маржан» сүт өнімдерін қайта өңдейтін цех, Шақпақ ауылдық округінің аумағында орналасқан, жоба құны 100 млн тенге, жұмыспен 5 адам қамтылуы жоспарлануда; — «Алмалы Сай» ӨК мал бордақылау алаңы мен қарқынды бау, Жабағылы ауылдық округінің аумағында орналасқан, жоба құны 1,2 млрд тенге, жұмыспен 20 адам қамтылуы жоспарлануда; «Көктал» ШҚ жеміс-жидекті қайта өңдейтін цех, Мичурин ауылдық округінің аумағында орналасқан, жоба құны 200 млн тенге, жұмыспен 10 адам қамтылуы жоспарлануда