Түркістан облысына қарасты Шардара ауданында 2023 жылы 57 800 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру болжамдануда. Атап айтқанда: күздік бидай – 1100 га, жаздық арпа – 1500 га, күріш – 1200 га, дәндік жүгері – 3560 га, маш – 670 га, мақта – 11200 га, ескі жоңышқа – 20010 га, жаңа жоңышқа – 4100 га, сүрлемдік жүгері – 4250 га, картоп – 250 га, көкөніс – 600 га, бақша – 9360 га. 2023 жылы мақтаның егіс көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 4443 гектарға азайтылып, орнына мал азығы және бақша дақылдарын егу көлемі арттырылатын болады. Бүгінге дейін 1100 га күздік бидай, 1500 га жаздық арпа, 4100 га жаңа жоңышқа, 3150 га дәндік жүгері, 600 га көкөніс, 250 га картоп, 5440 га бақша, 400 га күнбағыс, 12060 га мақта, 840 га күріш, 915 га сүрлемдік жүгері егілді. Көктемгі егіс жұмыстары жалғасуда. Осы кезеңде мал шаруашылығында мүйізді ірі қара 59 591 бас (110,6 %) , қой-ешкі 219 626 бас (101,7 %), жылқы 17 264 бас (118,5 %) , түйе 2957 бас (104,4 %), құстар 57 950 бас (121,4%) болды. Ет тірі салмақта 1108,9 тн (102,2 %), сүт 1910,2 тн (105,9 %), жұмыртқа 307,1 мың дана (108,9 %). Бір сиырдан сауылған орташа сүт 2243,0 литр (107,4 %), бір мекиеннен алынған жұмыртқа 166 дана (89,2 %). Аудандағы АШТӨ-не 2023 жылдың ауыл шаруашылығы өнімі үшін қажетті ағын су лимитін бекіту мақсатында «Арал-Сырдария бассейіндік инспекциясы» мекемесіне ұсыныс хат жолданып, ауыл шаруашылығы саласы бойынша КМК арқылы 798,56 млн.м3 ағын су лимиті бекітілді. Ауыл округтері бойынша 2023 жылғы көктемгі егіске байланысты сор шаю мен ылғалдандыру (сор шаю – 15643 га, ылғалдандыру – 20974 га) жұмыстарын атқару бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, ауыл округі әкімдеріне жұмыс үшін жолданды. 2023 жылдың өнімі үшін ауданда сор шаю және ылғалдандыру жұмыстарын жүргізуге 36 617 га жер жырту межеленген. Қазіргі кезде Қызылқұм магистралды каналы арқылы (КМК) 20 м3/сек ағын су босатылуда. Бүгінгі таңға 15643 га жердің соры шайылып, межеленген көлем 100 % орындалған. Қалған 20974 га егістік алқапқа ылғалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Нақты жағдайда Қ.Тұрысбеков, Қоссейіт, Көксу, Ұзын ата ауыл округтерінде сор шаю және ылғалдандыру жұмыстары аяқталған. ИДЖЖЖ-2 жобасы аясында ағын су нысандарына жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына байланысты Алатау батыр ауыл округіндегі 5Р-1 каналы, Қызылқұм ауыл округіндегі 6Р-1 каналдарында, Сүткент ауыл округінде СР-1-4 каналында ылғалдандыру жұмыстары мамыр айының 1-2 жұлдызында аяқталады деп жоспарлануда. «Казсушар» РМК ТФ ШӨБ-не берген сұраныстарына сәйкес КМК-ның 2-кезеңіндегі Ақшеңгелді, Достық ауыл округтері ылғалдандыру жұмыстарын сәуір айының 1-онкүндігінде басталып, ылғалдандыру жұмыстары мамыр айының 15 күндері аяқталады деп жоспарланып отыр. Ағын су жеткізіп беруде проблемалық мәселелер жоқ. Алатау батыр ауыл округіндегі ИДЖЖЖ-2 жобасы аясындағы 5р-1-6, 5-Р-1-6-1 каналы, 4ПР-2 каналдарындағы құрылыс жұмыстарында орын алған кемшіліктерді анықтау мақсатында жобаның техникалық қадағалау және мердігер мекеменің мамандарымен біргелікте 21.04.2023 ж. арнайы құрылғылары арқылы каналдардың еңкестігін (уклон) анықтау жөнінде жұмыстар жүргізілді. Өлшеу жұмыстарының нәтижесі анықтама ретінде 24.04.2023 ж. дайындалатын болады. Осыған байланысты 25.04.2023 ж. №23-04/436 санды хатпен жобаның менеджері А.Атантаевтың анықтамасы алынған. Ағын су қарызы бойынша: Өзекті мәселелердің бірі болып тұрған ағын су төлемақысын өндіру бойынша 2022 жылғы кезеңде «Казсушар» РМК мекемесі ТФ Шардара өндірістік бөлімшесі тарапынан босатылған ағын суға бұрыннан келе жатқан төлемақы қарызын қоса есептегенде 63 170 440 тг берешек қарыз ауыл округтері бойынша төмендегідей болып отыр: Қ.Тұрысбеков а/о – 6 460 322 тг, Қоссейіт а/о – 19 138 988 тг, Көксу а/о – 27 250 296 тг, Ұзын ата а/о – 6 391 916 тг, Алатау батыр а/о – 2 453 604 тг, Қызылқұм а/о – 2 481 753 тг. Ауданда аса қауіпті зиянды организмдермен күресу үшін ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарын жүргізу мақсатында аудан әкімінің 2023 жылғы 12 қаңтардағы №2-7Ө өкімімен аудандық штаб құрылды. 2023 жылы аудан бойынша зерттелетін жер көлемі 43 000 га жер. аса қауіпті марокко шегерткесі зиянкестеріне қарсы 2480 га өңдеу жұмыстары болжамданды. Анықтаушылардың күнделікті нормаларының орындалуына ауыл округінің әкімдері жауапты болып белгіленді. Аса қауіпті марокко шегерткесіне қарсы жүргізілетін химиялық өңдеу жұмыстарына ауыл округтерінен қолданатын қажетті су көздері, мамандер мен жұмысшылардың қонуға ыңғайлы мекен жайлары белгіленіп қойылды. Ағымдағы жылдың 12 сәуірінен бастап анықтаушылар марокко шегерткесіне анықтау зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Бүгінге дейін экономикалық зиянды шегінен (ЭЗШ) асқаны анықталмады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қолдау мақсатында көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 2023 жылы Шардара ауданына жалпы көлемі 2860,0 тонна, оның ішінде: ақпан айына – 520 тонна, наурыз айына –780 тонна, сәуір айына –715 тонна, мамыр айына –845 тонна бөлінді. дан әкімдігі тарапынан 2023 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тізімі мен 3300,0 тонна қажетті жанар-жағармайға 2022 жылдың 29 желтоқсанындағы №16/12-04/264 санды хатпен сұраныс берілген. 2022 жылы аудандағы шаруаларды қолдау бағытында көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 3120,0 тонна дизель отыны бөлініп, 1 гектарға шаққанда жанар-жағармай көлемі 57,7 литрді; 2021 жылы аудандағы шаруаларды қолдау бағытында көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 3155,0 тонна дизель отыны бөлініп, жанар-жағармай көлемі 1 гектарға шаққанда 59,7 литрді; 020 жылы аудандағы шаруаларды қолдау бағытында көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 3120,0 тонна дизель отыны бөлініп, норма 1 гектарға шаққанда 62,3 литрді құраған. Шардара ауданы бойынша көктемгі дала жұмыстары бойынша 6 ауылдық округтерге (Қ.Тұрысбеков, Қоссейіт, Көксу, Ұзыната, Сүткент, Жаушықұм) дизельді отынды жеткізуге «КазРоснефть» ЖШС-гі бекітіліп, шаруалардың көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге ақпан айына- 260,0 тонна, наурыз айына-390,0 тонна, сәуір айына -325,0 тонна, мамыр айына — 455,0 тонна барлығы: 1430,0 тонна, ал қалған 4 ауылдық округтерге (Алатау батыр, Қызылқұм, Ақшеңгелді, Достық) «Майсс» ЖШС-гі бекітіліп, ақпан айына-260,0 тонна, наурыз айына-390,0 тонна, сәуір айына-390,0 тонна, мамыр айына -390,0 тонна барлығы: 1430,0 тонна дизельді отынын жеткізіп беруге оператор болып белгіленген болатын.Алайда, «КазРоснефть» ЖШС-гі ақпан айында ҚР Энергетика Министрлігінің қойған талаптарымен (биылғы шаруалардың жанар-жағармай алу тәсіліне «ПИНКОД» жүйесі енгізілгені, бояу қосылған дизель отыны, басқада объективті себептермен және т.б.) келіспей, ағымдағы жылдың 2023 жылғы 23 ақпандағы №1 хатпен дизельді отынын жеткізуден бас тартуына байланысты «Петросан» ЖШС-мен түзілген келісім-шарттың мерзімі өтіп кетуінен ақпан айына бөлінген 260,0 тонна дизельді отынын алуға қол жеткізу бүгінгі таңға дейін мүмкін болмай отыр. Бұл бойынша аудан әкімдігі тарапынан басқармаға, «Петросан» ЖШС-іне бірнеше рет хаттар жолданған. Қазіргі таңда аталған 6 ауыл округке «КЗ Мұнай-2» ЖШС оператор болып белгіленіп бөлінген жанар-жағармайды тиісті деңгейінде тасымалдауда.