Жыл он екі ай бойы тынымсыз тірлікті қажет ететін мал шаруашылығы мол еңбек пен жауапкершілікті ұнатады. Ал қара жердің көбесі сөгіліп, көк шыға бастағанда малшылар қауымының иығына түсер салмақ та еселене түсті. Ата кәсіпті нәсіп еткен ағайын шығынсыз төл алу үшін уақытын да, күш-қайраттарын да аяп жатқан жоқ. Биылғы мал төлдету науқаны жақсы нәтижемен басталды. «Мал өсірсең қой өсір, оның өнімі көл-көсір»,- демекші биыл өңірде бұл бағытта өсім байқалады. Өңірдегі «Майра» қой фермасы жүз аналық қойдан жүз қозы алды. Түркістан облысына қарасты Шардара ауданындағы жалғыз нәзікжанды шопан М.Шитенова басқаратын «Майра» шаруа қожалығы төл алу науқанын рекордтық көрсеткішпен аяқтап, жүз аналық қойдан, жүз қозыдан төл алды. Күріш совхозы тарағанда қазіргі Көксейіт ауылдық округінде, жолдасы Полат екеуі мал шаруашылығын қолға алуды жөн көріпті. 500 гектар жайылым жерді мемлекеттен 99 жылға жалға алды, қора салды. Екі отар қой бағып отырған жайы бар бүгінде. Отбасылық кәсіптерін осылайша өрістетіп отырған жайы бар. Мал төлдету науқаны нағыз жауапты кезең. Әр бас аналық үшін, әр төл үшін нағыз қайнаған еңбек басталады. Ысырап қылмай, мал басын аман сақтап, науқаннан жақсы нәтижемен шыққандарына қуанулы. Қой бағу, мал төлдету де оңай шаруа емес. Таң азаннан қойды өрістетіп, иен далада қой бағудың машақаты өз алдына дастан. Сондықтан да жастар қойшы болуға құмбыл емес. Қойшының ақысын жемей, жақсы жалақы төлесе де қой бағуға келетін жастар жоқтың қасы. «Майра» шаруа қожалығында ширек ғасырдан бері қой бағып жүрген жандар бар. Олардың орнын басатындар да керек. Бүгінде Шардара ауданында қой басы 200 мыңнан асады. Ауданда қозы төлдету науқаны аяқталуға жақын. Ұдайы қажырлы еңбектен қашпайтын «Майра» шаруа қожалығы биыл да үзідіктердің қатарынан көрінері сөзсіз.