Түркістан облысына қарасты Арыс қаласының барлық жер көлемі — 765 395 гектарды құрайды. Барлық ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі – 595 918 га. егістігі-24192 га, (суармалы-11939 га, тәлім -12253), көп жылдық екпе-172 га,тың-28881, шабындық-225 га, жайылым-542448 га, өзге де жерлер-162822 га, өзге аймақ (Қызыл көпір – 6655 га). Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру жылдық жоспар — 22 075,7 млн. тг, орындалуы — 23547,7 млн. тг артты. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлем индексі (НКИ) жылдық жоспар – 104 %, орындалуы — 110,4% өсті. Өсімдік шаруашылығы өнімдері 11691,6 млн теңгені құрап, НКИ 123,8% өсті. Мал шаруашылығы өнімдері 11141,6 млн теңге болып, НКИ 99,2% құрады. Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына салынған инвестициялар – 3 029,0 млн.теңгені құрап, 101 % артты. Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі – 206,0 млн.теңгені құрап, 103 % артты. Егістік жердің игерілуі – 24191,5 га жерге егіс егу жоспары бекітіліп, күздік бидай – 6934,34 га, жаздық бидай – 2076,8 га,арпа – 1500 га, дәнді жүгері – 1000 га, мақсары – 195 га, күнбағыс – 21 га, мақта – 194 га, жаңа жоңышқа – 1574,5 га, ескі жоңышқа – 4599 га, сүрлем жүгері – 798 га, картоп – 150 га, көкөніс – 631 га, бақша – 4146,5 га, көпжылдық екпелер – 160 га құрады. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жылына «Бір алқаптан 2 – 3 өнім алу жобасы» бойынша Арыс қаласынан 52 жоба ұсынылды. Атап айтқанда: Ақдала а/о – 17 жоба, 44 га. Байырқұм а/о – 11 жоба, 13,2 га Дермене а/о –12 жоба, 30 га. Жиделі а/о – 10 жоба, 12,7 га. Қожатоғай а/о – 3 жоба, 0,6 га. Аталған жобалар бойынша 1 – ші өнім егу бойынша тапсырма жүйелі түрде орындалып, шаруалар түрлі көкөніс өнімдерін алды. Қазіргі таңда 2 – ші өнімді алу бойынша жұмыстарды атқарылуда.Жылыжай шаруашылығын дамыту жоспары – 5 га. Орындалуы – 5,2 га яғни 100 пайыз. Қазіргі таңда Арыс қаласы Қ.Мырзаев – 0,05 га, «Арыс Санаториясы» Е.Елшінбеков – 1,2 га, «Торабтық аурухана» ӨК – 0,08 га, Ақдала а/о Е.Жайықбаев 0,01 га, және т.б шаруалар жылыжайда қияр, болгар бұрышы, лимон егіп шаруашылықтарын жүргізуде. Тамшылатып суғару әдісін ендіру жоспар – 310 га болса, орындалуы – 323 га құрап, 103 % орындалды. Жаңбырлатып суғару әдісін ендіру тапсырмасы – 500 га, орындалуы – 578 га немесе 115 %. Қарқынды бау шаруашылығын дамыту тапсырмасы – 5 га, орындалуы – 5 га, яғни 100 % орындалды. (Қожатоғай а/о, «Камаз центр ШАО» ЖШС, жүзім, алма екті. Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау тапсырмасы –61 дана, бүгінгі таңда орындалуы – 50 дана, яғни 82 % құрады. Көктемгі дала жұмыстарына 1 430 тонна жанар-жағар май бөлінді, орындалуы – 1 255,0 тонна немесе 87,7 % құрады. Күзгі дала жұмыстарына 1820 тонна жанар – жағар май бөлінді, орындалуы 1612,0 тонна немесе 89 % құрады. Ірі қара мал басын импорттау (аналық етті бағытта) жылдық жоспар – 200 бас, орындалғаны – 100 бас немесе 50 пайыз. Аналық ІҚМ тұқымдық түрлендіру жылдық жоспар – 12000 бас, орындалғаны – 8653 бас немесе 72,1 пайыз. Фермерлік шаруашылықтардың қойдың аналық басын несиелендіру жолымен сатып алу жылдық тапсырма – 4000 бас, орындалғаны – 2883 бас немесе 72,1 пайызды құрап отыр.Бұқашықтарды мал өнеркәсіптік бордақылау алаңына өткізу жылдық тапсырма – 1000 бас, орындалғаны – 795 бас немесе 79,5 пайызды құрап отыр. Отандық өніммен қаматамасыз ету мақсатында инвестициялық жобалардың іске асыру жылдық тапсырма –5 бірлік, орындалғаны – 5 бірлік немесе 100 пайызды құрап отыр. Қайта өңдеу өндірісінің үлесін ұлғайту жылдық тапсырма – 105 пайыз орындалғаны – 91,2 немесе 91,2 пайызды құрап отыр. Арыс қаласы бойынша мал басы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ІҚМ – 40 294 басты құрап, 92,7 пайызға, жылқы – 18 362 басты құрап, 92,1 пайыз, қой –439 419 басты құрап, 93,3 пайызға, ешкі – 18 164 басты құрап, 110,6 пайызға, түйе – 3 422 басты құрап, 107 пайызға, құс – 73 196 басты құрап, 96,8 пайызға артты. Мал өнімдері тиісті кезеңмен салыстырғанда: Ет – 8409,9 тонна немесе 102,3 пайыз, сүт – 17 834,5 тонна немесе 89,8 пайызға, жұмыртқа – 7800,5 мың дана 100,6 пайыз, ірі тері – 9411 дана 98,7 пайыз, ұсақ тері – 120 206 дана, 99,1 пайызға артты.