Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданының экономикалық жағдайының маңызды көрсеткіші салық базасы және бюджетке түсетін түсімдер болып табылады. Бюджеттің шығысы бойынша үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанына жоспар 2 млрд. 874 млн теңге, нақты игерілгені 2 млрд 871 млн теңге немесе 99,9 % құрады. Өзіндік кіріс бойынша бірінші тоқсанға жоспар 926 млн 219 мың теңгені құраса, нақты түскені 1 млрд 175 млн 548 мың теңге, жоспар 126,9 пайызға орындалып 249 млн. 329 мың теңге артығымен түсірілді. 2022 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырған 364 млн 371 мың теңгеге артық орындалды. Өнеркәсіп жалпы өнімді қалыптастыратын ең негізгі салалардың бірі болып табылады. 2023 жылдың бірінші тоқсанында өңірлік өнім 16,1 млрд теңгені құрады. Бір адамға шаққандағы жалпы өндірілген өнім 856 мың теңге. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 4,6 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі– 108,7% құрады. Өңдеу өнер кәсiбiнде өнiм көлемi 3,4 млрд. теңгені құрады, немесе 109,4. Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 4,1 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі – 612,1% құрады. Оның ішінде: жергілікті бюджет есебінен 87,5 млн.теңге, меншікті қаражаты есебінен 1,3 млрд. теңге, басқада қарыз қаражаты есебінен — 2,8 млрд.теңге. Өткен жылдың есептік кезеңінде 627 млн теңге, нақты көлем индексі – 49,8%. болған. 2022 жылы бірінші тоқсанына меншікті қаражаты есебінен 627 млн теңге. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсаны бойынша өткізілген тауар көлемі 3,9 млрд.теңге, өсім 105,4% құрады (2022 жылдың бірінші тоқсанына 3,2 млрд теңге). Бүгінгі таңда тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 19 789 бірлік, іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 19 319 бірлік. (2022 жылдың бірінші тоқсаны тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 16 179 бірлік іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 15 846 бірлік). 2023 жылдың 3 айында ауыл шаруашылығы бойынша жалпы өндірілген өнімнің көлемі 5,8 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 900 млн. теңгеге артып отыр. мал шаруашылығы бойынша өндірілген өнім көлемі 5,5 млрд. теңге, өсімдік шаруашылығы бойынша өндірілген өнім көлемі 300 млн. теңге 2023 жылдың 3 айында ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемі 532 млн. теңгені құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тартылған инвестиция көлемі 198,5 млн теңгеге артып отыр. 2023 жылдың 3 айында ауданда 13,0 мың гектарға жуық бақша, 1,9 мың га мал азықтық (оның ішінде: 852 га жерге дәндік жүгері, 999 га жерге жаңа жоңышқа), 1,6 мың га көкөніс және т.б. дақылдар егілді. 2022 жылдың 3 айында ауданда 387 гектар бақша, 1,0 мың га жаңа жоңышқа, 884 га көкөніс дақылдары егілген. Бүгінгі күнге ауданда егіс науқаны негізінен аяқталды. 76,2 мың гектар егіс егілді. Оның ішінде 45 мың га мақта, 19 мың га бақша, 2,1 мың га көкөніс, 4,6 мың га дәндік жүгері және тағыбасқа дақылдыр. Дихандар ерте егілген қырыққабат дақылының өнімін жинауды бастады. Бүгінгі күнге 32,5 мың тонна өнім жинақталды. Қырыққабат дақылының басым бөлігі Ресей, Белоруссия елдерімен қатар еліміздің Алматы, Астана, Шымкент қалаларына және басқа да облыстарға жөнелтілуде. 2022 жылы ауданға 50 ге жуық жаңа ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынған болса, биылғы жылдың 3 айында 58 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары әкелінді. Өткен жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда мал шаруашылығы саласында бірқатар алға ілгерілеу бар. Атап айтсақ ірі қара мал 6,1 мың басқа, қой-ешкі 2,1 мың басқа, жылқы 0,6 мың басқа, құстар 3 мың басқа артқан. Олардан алынған өнім көлеміде 2022 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда артқан.