2023 бірінші тоқсанында құрылыс жұмыстарының көлемі 340,2 млн теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 175,5 млн теңгеге артты. 2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 327,9 млн теңгеге салынып жатқан Ынтымақ ауылдық округі, Өркенді елді мекеніндегі футбол алаңын, Жетісай қаласынан құны 1,1 млрд теңгеге салынып жатқан сауықтыру спорт кешенін, 1,3 млрд теңгеге орталық саябақ құрылысн аяқтау жоспарлануда. 80 га 20 пәтерлі 3 тұрғын үйді пайдалану,ға беру жоспарлануда. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 7,3 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 116,6 %-ды құрады. (2022 жылдың бірінші тоқсанында 3,7 мың ш.м.) Аудандағы 105 елді мекеннің 1 елді мекенде ауыз су құбыры тартылмаған, 104 елді мекені орталықтандырылғын ауыз сумен қамтылған, оның 74 елді мекенінде 24 сағат, 30 елді мекенге ауыз су кестемен берілуде. Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылға өтпелі Жетісай қаласының ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына өткен жылға облыстық бюджеттен 272 млн 289 мың теңге, Жаңа ауыл ауылдық округінің 4 елді мекеніне сумен жабдықтау жүйелерін салу нысанына республикалық бюджеттен 1 млрд теңге қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Қазыбек би ауылдық округінің 2678 тұрғыны бар Құрбан ата елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына республикалық бюджеттен 422 млн 778 мың теңге, Ж.Ералиев ауылдық округінің 1967 тұрғыны бар Сейфуллин елді мекенінің ауыз су жүйелерін қайта құру жұмыстарына 610 млн 613 мың теңге бөлініп, мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, Мақталы ауылдық округіндегі 4 елді мекенінде, Ж.Ералиев ауылдық округінде 1 елді мекенінде, Қызылқұм ауылдық округіндегі 1 елді мекенінде ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге биылғы жылға аудандық бюджеттен 136 млн 652 мың теңге, «Мембарана», «Омега» қондырғыларына және кәріз жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 52 млн 670 мың теңге бөлінген. Ауданда 112 елді мекеннің 105 елді мекені орталықтандырылған электр желісіне қосылған. Жаңа ауыл ауылдық округіндегі 3 елді мекеніндегі жаңадан құрылған көшелеріне ЖСҚ әзірленіп 499 млн теңге бөлінді. Абай ауылдық округіндегі 4 елді мекенге, Ж.Ералиев ауылдық округіндегі 8 елді мекенге электр желілерін жүргізуге және трансформатор (КТП) орнату үшін ЖСҚ әзірленуде. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 5056 азамат тұрақты және уақытша қатыстырылды. «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқуға 2023 жылы 3 айдың қорытындысымен 946 адам жолданды. Ауданның негізгі табысы аргосекторға байланысты ауданның егістік жерінің басым бөлігіне мақта дақылы егілетінін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Аудан шаруаларының табысын арттыру үшін ауданда өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселесі де кезек күттірмейтін, күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе. Бұл бойынша ауданға жан-жақты инвесторлар тарту жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта өткен жолы көршілес Өзбекстан Республикасында мақта кластерін дамыту үшін инвесторлармен іскерлік кездесулер өткізіліп, екі жақты келіссөздер жүргізудің алғышарттары жасалуда. Ағымдағы жылы азаматтардың жеке қаражаттары есебінен Ж.Ералиев ауылдық округінен құны 300 млн теңгеге 10 мың тонналық «Тұран Мақта» ЖШС «Мақта шикізатын өңдеу зауыты» жобасын, Жаңаауыл ауылдық округіндегі құны 350 млн теңге болатын «Тоқыма емес мата өндірісі» жобасын, Мақталы ауылдық округінен құны 790 млн теңге болатын «Мақталы Жер» ЖШС «Тұқымдық шит өндірісі зауыты», 100 млн теңгеге бақша өнімдерін қайта өңдеу цехы, Жетісай қаласындағы құны 200 млн теңгеге аяқким өндірісі жобасын жыл соңына дейін іске қосу жоспарлануда. «Ауыл Ел аманаты» жобасы аясында да бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Биылғы жылы екі ауылдық округі (Қарақай, Ж.Ералиев) «Ауыл Ел аманаты» жобасына енгізіліп отыр. Бүгінгі таңға кооперативтер құрылып шаруалар құжаттарын тапсыруда. Үстіміздегі жылдың екінші жарты жылдығында қосымша 2 ауылдық округ (Мақтал, Қазыбек би) «Ауыл Ел аманаты» жобасына енгізу жоспарлануда. Өздеріңізге белгілі жобаның басты мақсаты – ауылды жерлердегі халықтың табысын арттыру. (Сонымен қатар, Жетісай қаласының аумағын ұлғайтуға бөлінген 80 га жерге алдағы уақытта бірқатар жобаларды – ойын-сауық орталықтары мен заманауи сауда орындарын, қонақ үйлер мен спорт кешендерін, кинотеатрлар мен мейрамханалар, балалардың ойын алаңшаларын, азық-түлік көтерме сауда орталықтарын салуға инвесторлар іздестірілуде. Ашылатын жаңа нысандардың есебінен тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып, жұмыссыздық деңгейін азайту және сауда, ойын-сауық орталықтарына Жетісай ауданымен қатар көршілес Мақтаарал, Шардара, Келес аудандарынан 1 миллионға тарта тұрғындар мен келушілер есебінен ауданның экономикалық ахуалын жақсарту жоспарланып отыр. 2023-2024 жылдарға жоспарланған жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ауданда, оның ішінде Қазыбек би ауылдық округінен 12,25 га, Атамекен ауылдық округіне 16,0 га, Жетісай қаласынан 12,0 га, жалпы 40,25 га жер резервке алынды. Одан бөлек, агроиндустриалдлы аймақ құру үшін Асықата кенті маңындағы 50 га аулшаруашылық жердің мақсатын өндірістік санатына аустыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.