Түркістан облысына қарасты Сауран ауданында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Ауданға қарасты Қарашық ауылдық округінде сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, жеке инвестор «Авангард-ОК» ЖШС-гі арқылы ЖСҚ әзірленуде. Бұл жоба аясында берілетін жер учаскілерінің инфрақұрылымына ЖСҚ әзірленеді. Қарашық а/о табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, магистральды құбыр жиесіне ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға өткізілді. 2 ай мерзімінде сараптаманың оң қорытындысы шыққаннан соң, қаржы бөлуге тиісті жұмыстар атқарылады. Сараптама құны- 5,5 млн.теңге. Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 6 дана трансформаторға қаржы бөлініп, мердігер мекемелер ЖК «Альсат», ЖК «Шалбаев». Жоба құны-9,8 млн. Теңге Қарашық е/м сапалы электр желісімен қамтамасыз ету мақсатында, жеке инвестор «Авангард-ОК» ЖШС-гі арқылы ЖСҚ әзірленуде. Қарашық а/о қоқыс полигонының аумағына қоршау жұмыстарына, мемелекеттік сатып алу конкурсы жарияланған. Жоба құны-12,7 млн. теңге. Қарашық а/о, Құмтиын е/м Ақтанбаев көшесін орташа жөндеу жұмыстарына, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған. Жоба құны-56,6 млн.теңге Қарашық-Құмтүйін тас жолының қиылысында бағдаршам орнату жұмыстарына, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған. Жоба құны-9,9 млн.теңге. Ауданның 2023 жылдың I тоқсанның қорытындысмен негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жоғары. Жалпы аудандық бюджет кірістері 145 пайызға орындалып, 180,0 млн. теңге жоспардан артық орындалды (жоспар – 402,5 млн. теңге, орындалуы – 583,5 млн. теңге). Шығыстар бойынша жоспарланған 1 млрд. 511,4 млн. теңгенің 1 млрд. 510,6 млн. теңгесі игеріліп жоспар 99,9-ға орындалды, 0,8 млн. теңге айлық жалақыдан, өзге де шығындардан үнемделген. 2023 жылдың I тоқсан қорытындысымен жалпы өндірілген өнім 8 млрд. 776,9 млн. теңге, жан басына шаққанда 87,1 мың теңгені құрады. Оның ішінде:Ауыл шаруашылығы саласында 6 млрд 304,8 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,0 пайызды құрады (мал шаруашылығы 5 млрд 830,3 млн теңге, егін шаруашылығы 474,5 млн теңге). Өндірген өнім көлемі 1 млрд. 843,8 млн. теңге, нақты көлем индексі 104,1% құрады. Оның ішінде: Кен өндіру өнеркәсібі саласында есепті кезеңде жалпы құны 128 мың теңгенің өнімі өндіріліп 119,6% құрады. Өңдеу өнеркәсібі 1 млрд. 317,6 млн. теңгенін өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 103,6% құрады. Оның ішінде: Тамақ өнімдерін өндіру 0,624 млн. теңге, 100%. — Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру 783,3 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 210% құрады. — Жиһаз өндіру 282,0 млн. теңге, 430% құрады. Электр энергиясы, газ бен су өндіру және бөлу 396,1 млн. теңгеге қызмет көрсетті, нақты көлем индексі 128,9% құрады. Аудан көлемінде тіркелген және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілер саны 6 284 нысанды құрады. Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 322,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,5%-ды, көтерме сауда тауар айналымының көлемі 4,7 млн. теңге құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,1%-ды құрады. Есепті кезеңде ауданға 6 млрд. 428,9 млн. теңге инвестиция бағытталып, нақты көлем индексі 198,6%-ды құрады. Оның ішінде бюджеттік емес инвестициялар 4 млрд. 668,7 млн. теңгені немесе 72,6%-ды құрады. Ауданда 2023 жылдың І тоқсанында орындалған құрылыс жұмыстары 301,6 млн. теңге, нақты көлем индексі 146,2%-ды құрады. Алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Басты міндет аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында жұмыстар жалғасын табатын болады. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларының әрі қарай тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, жаңа кәсіпорындар ашу, жұмыс істеп тұрған қуаттарды кеңейту есебінен аудан экономикасын көтеру, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыстар атқарылып, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге жүйелі жұмыстар атқарылады.