Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданында көрші Өзбекстан Республикасымен байланыстырып тұрған 3 шекаралық өткізу пункті және темір жол кеден бекеті жұмыс жасайды. Атап айтқанда, «Қазығұрт», «Жібек жолы», «Қабланбек» өткізу пунктері арқылы күніне жүздеген жаяу жүргіншілер, жеңіл көліктер мен жүк көліктері қарым-қатынас жасайды. Аталған бекеттерде негізінен басым бөлігі ауыл шаруашылығы тауарлары тасымалданады. Қазіргі таңда, «Қазығұрт» өткізу пунктін жаңғырту жұмыстарына байланысты, пайдаланылынбай отыр, яғни жаяу жүргіншілер «Жібек жолы» өткізу пункті арқылы, жүк көліктер «Қазығұрт» өткізу пункті арқылы өтуде. Осы орайда, аудан басшысы Арман Абдуллаев арнайы «Қабланбек» өткізу пунктіне бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысуға және «Қазығұрт» өткізу пунктіндегі қазіргі жағдаймен танысу үшін барды. Өткізу пунктеріндегі құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан басшысы атқарылған жұмыс жағдайын саралай отырып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша жауапты мердігер мекеме мамандарына құрылыстың сапалы жүргізілуін және белгіленген мерзімде аяқталуын қажет екенін атап өтті.