Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында 2023 жылғы 4 айдың қорытындысымен индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы жоғары жетістікті көрсетті. Аудандағы кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімінің көлемі жылдың қорытындысымен – 4,26 млрд. теңгені құрады (жоспар – 3,60 млрд.тг), өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,4%-ға орындалды (2022ж.4ай. 4,29 млн.тг). Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемінің 4 айдағы жоспары – 1,01 млрд. теңге болып бекітілді. 4 айда қорытындысымен – 2,4 млрд.теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 258,8%-ға немесе 1,48 млрд. теңгеге артты (2022ж.4 ай. 0,92 млрд.теңге). Жалпы бюджеттік емес жеке инвестиция 2,31 млрд.теңге құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,56 млрд. теңгеге артты (2022ж.4 ай. 0,74 млрд.теңге). Яғни, бюджеттік емес жеке инвестиция бойынша тиісті жоспары артығымен орындалды. Бюджеттік инвестиция бойынша 2023 жылдың 4 айында 108,4 млн.теңге құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,1 млн. теңгеге артты (2022ж.4 ай. 70,3 млн.теңге). 2023 жылға негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемінің жылдық жоспары — 31,5 млрд. теңге болып бекітілді. Бүгінгі таңға, жоспарды орындау мақсатында барлық ауыл округтер бойынша жаңадан ашылатын инвестициялық жобалардың тізімі жинақталған, сондай-ақ, ауданға инвесторларды іздестіріп, тарту жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылдың 4 айында өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі – 3,08 млрд. теңгені құрады (жоспар – 3,14 млрд.тг), өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,5%-ға орындалды (2022ж.4ай. 3,36 млрд.тг). Бүгінгі таңға жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 13864 бірлікті құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 141,0%-ға орындалды. Осы бағытта ауданымызда 18521 адам жұмыспен қамтылып, олардың 4 айда өндірген өнім көлемі – 21,0 млрд. теңгеге жетті немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 122,8%-ға артты (2022ж.4ай. 17,1 млрд.тг). Бөлшек сауда өнімінің көлемі 4 айда – 2,82 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,8%-ға орындалды (2022 ж.4ай. 2,16 млрд.т. Көптеген кәсіпорындардың өндіріс қарқынының өсуі, жаңа қуаттардың енгізілуі және технологиялық процесті модернизациялау өнеркәсіптік сектордың орнықты дамуына ықпал етеді. Ол үшін ауданымыздағы өндіріс орындарын көбейту үшін «Қазығұрт» индустриялдық аймағына инвесторлар тартып жаңа жұмыс орындарын ашуды қажет етеді. Ауданның инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында «Қазығұрт» индустриялдық аймағы (35 га) құрылып, кәсіпкерлерге мүмкіншілік жасалды. Яғни, индустриялдық аймақтағы инфрақұрылым жүйелерінің қуатын ұлғайту арқылы қосымша кәсіпорындар, жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда, 10,86 гектар жер телімінде 7,3 млрд. теңгелік 193 жұмыс орнын құрайтын 5 жоба орналастырылған (1.«Асыл бастау.kz» ЖШС-ның «AQUA THE BEST» атауымен 0,5 — 1,0 — 5 және 19 литрлік ыдыспен ауыз су өндірісі, 2.«CG Foods Central Asia» ЖШС-ның «Тез әзірленетін тағамдар» өндірісі, 3.«Көрік ШҚ» ЖШС-ның «Алкогольсіз табиғи шырынды сусындар шығару» өндірісі, 4.«Отырабат-Құрылыс» ЖШС-ның «Газабетон блогы» өндірісі, 5.«ЮКГУ» ЖШС-ның «Газабетон блогы» өндірісі). Сонымен қатар, Қақпақ ауылы округіне қарасты Заңғар елді мекенінде орналасқан «Ынтымақ» СТК-нің жалпы құны 700 млн. теңгелік 1,3 МВт/сағ. кіші су электр станция жобасы іске қосылу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңға жер учаскелері тегістеліп, ғимараттың құрылысы аяқталып, Чехия мемлекетінен қондырғылар жеткізілді сондай-ақ, кәсіпорын іске қосылды. Мемлекеттік бағдарламалардың қолдау құралдары арқылы ауданымыздағы шағын және орта бизнестің дамуына және жаңадан ісін бастаған кәсіпкерлерге бірінші кезекте жеңілдетілген несие қажет. Бұл ретте, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 2023 жылы «Ауыл аманаты» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шарбұлақ және Шанақ ауылы округтерінің тұрғындары 2,5 пайыз мөлшерінде жеңілдетілген несиемен қамтамасыз етілуде (бүгінгі таңға 49 жобаның құжаты қабылданып, қаржыландыру жұмыстары жүргізілуде) және жасы 21-35 жас аралығындағы жастарға 5,0 млн.тг. дейін несие берілуде (бүгінгі таңға 40 жобаның құжаты қабылданып, қаржыландыру жұмыстары жүргізілуде). Яғни, ауыл тұрғындарының табысын арттыру, кәсібін кеңейту бағытында жасалынып жатқан мемлекеттік қолдау болып табылады. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың маусым айының аяғында яғни, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру үшін конкурстық іріктеу басталады. Мемлекет басшысы шағын және орта бизнестің рөлін күшейтіп, оның ел экономикасындағы үлесін 2025 жылға қарай 35 пайызға дейін жеткізу міндетін қойған болатын. Бұл бағытта «Қарапайым заттар экономикасы» жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бастау алған. Бүгінгі күнге жеңілдетілген несиелендіру жұмыстары жүріп жатыр. 2023 жылы жалпы құны 8,3 млрд. теңгелік, 262 жұмыс орнын құрайтын 13 ірі және орта жобалар іске асыру қарастырылуда сондай-ақ 58 ге жуық шағын және орта кәсіпкерлік мақсаттағы инвестициялық жобалар іске асырылатын болады. Н.Қалдыкөзов, Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы