Экономика Қайта құрылымдау жұмыстары жүргізіліп, төрт ұңғыма қазылды Редактор 18.06.2023 12329 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданындағы Шаян ауылындағы тұрғындарды таза ауыз сумен қамту бойынша қайта құрылымдау жұмыстары жүргізіліп, төрт ұңғыма қазылып, барлық көшелердегі су құбырлары жаңартылды. Осы аптаның басында Айналма жол көшесіндегі құбырларға су жіберіліп, тазалау жұмыстары жүруде. Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков жауапты бөлімдермен бірге аталған көшеге барып, істелініп жатқан жұмыстардың барысын бақылады. Мердігер мекемеге қатаң ескерту жасады. Бірінші кезекте тұрғындардың өтініші маңызды. Маған сылтау емес нәтиже керек деген Ержігіт Шәріпбеков ауыз суға байланысты атқарылып жатқан жұмыстардың баяу екендігін айтып, мердігер мекеме мен жауапты бөлімге ширатуды қатаң ескертті. Аудан орталығындағы барлық көшеге жүргізілген құбырларға жаңадан қазылған жер асты суынан су жіберіліп құбырлар тазартылады. Сондықтан жіберілетін сумен құбырларды тазалап біткенге дейін ішуге болмайды. Тек бау-бақша мен құрылысқа ғана пайдалану керек. Құбырлар толық тазаланып біткен соң таза ауыз суды пайдалануға болатынын хабардар ететін боламыз. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 42362 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 61104 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 73565