Экономика Қайта құрылымдау жұмыстары жүргізіліп, төрт ұңғыма қазылды Редактор 18.06.2023 5764 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданындағы Шаян ауылындағы тұрғындарды таза ауыз сумен қамту бойынша қайта құрылымдау жұмыстары жүргізіліп, төрт ұңғыма қазылып, барлық көшелердегі су құбырлары жаңартылды. Осы аптаның басында Айналма жол көшесіндегі құбырларға су жіберіліп, тазалау жұмыстары жүруде. Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков жауапты бөлімдермен бірге аталған көшеге барып, істелініп жатқан жұмыстардың барысын бақылады. Мердігер мекемеге қатаң ескерту жасады. Бірінші кезекте тұрғындардың өтініші маңызды. Маған сылтау емес нәтиже керек деген Ержігіт Шәріпбеков ауыз суға байланысты атқарылып жатқан жұмыстардың баяу екендігін айтып, мердігер мекеме мен жауапты бөлімге ширатуды қатаң ескертті. Аудан орталығындағы барлық көшеге жүргізілген құбырларға жаңадан қазылған жер асты суынан су жіберіліп құбырлар тазартылады. Сондықтан жіберілетін сумен құбырларды тазалап біткенге дейін ішуге болмайды. Тек бау-бақша мен құрылысқа ғана пайдалану керек. Құбырлар толық тазаланып біткен соң таза ауыз суды пайдалануға болатынын хабардар ететін боламыз. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНДЕРІН ДАМЫТУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАП ТҰР 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНДЕРІН ДАМЫТУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАП ТҰР 09.08.2024 134797 МАҚТААРАЛДЫҢ ҚЫРЫҚҚАБАТЫ ӨЗГЕ ЕЛДЕРГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА 1 оқу мин Экономика МАҚТААРАЛДЫҢ ҚЫРЫҚҚАБАТЫ ӨЗГЕ ЕЛДЕРГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА 30.04.2024 189379 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 10 ТОННА ҚҰЛПЫНАЙ ӨНІМІН БЕРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Экономика САУРАНДА ЖЫЛЫНА 10 ТОННА ҚҰЛПЫНАЙ ӨНІМІН БЕРЕТІН ЖЫЛЫЖАЙ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ 29.04.2024 184511