Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Шеңгелді тұрғындарымен кездесуден кейін, ауыл тұрғындары көтерген өзекті мәселелер бойынша тұрғындармен бірге арнайы барып, аралап көрді. Дәлілер айтсақ, ауыз су, тасқа айналған ағашты мәдени мұра ету, жол және тазалық мәселелері қаралды. Аталған мәселелермен танысқан аудан басшысы тұрғындарға заң аясында жауап беріп, тиісті бөлім басшылары мен ауыл округ әкіміне арнайы тапсырмалар жүктеді. Бұдан алдын аудан әкімі Арман Айдарұлы Жылға ауылдық округі, Шеңгелді елді мекеніне арнайы барып, Ашық форматта тұрғындармен еркін кездесу өткізді. Әңгімелесу барысында аудан басшысы өткен кездесуде көтерілген 8 өзекті мәселе жол картасына енгізілгенін айтып, оларға жеке-жеке тоқталып өтті. Атап айтсақ, елді мекен тұрғындарын табиғи газ және таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жолға асфальт төсеу, жайылым жер, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту, тұрғын үй кезегі және тұрғын үйлерді заңдастыру, электр энергиясымен қамтамасыз ету, мәселелері бойынша алдағы атқарылатын жоспарларымен бөлісті. Ауыл тұрғындары үшін ауыз су мен жайылым мәселесі өзекті. Өйткені ауыл шаруашылығы жақсы дамыған ауданда аталған екі мәселе де дихандар үшін аса маңызды. Әкім жол картасына енген өзекті дүниелердің әлбетте орындалатынын айтты. Ол үшін уақыт керектігін де баса айтты. Кездесу соңында, ауыл тұрғындары өздерімен ашық сұхбаттасуға келген аудан басшысына өз ризашылықтарын білдіріп, ауыл ақсақалы алдағы жоспарланған жұмыстарына ақ батасын берді.