Жуырда ОҚО Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қордағы құнды кітаптардың классификациясы» тақырыбында танымдық шолу экскурсия болып өтті. Экскурсияны қорық-музейдің экскурсия жүргізушісі К.Әсетова жүргізді. К.Әсетова «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің жазба ескерткіштер қорында екі мыңнан астам қолжазба кітаптар сақтаулы екенін, оның 500-ге жуығы литографиялық тәсілмен жарық көргені жайлы мәлім етті. Литография сөзі XVIII ғасырдың аяқ жағында «litho» – «тас», «grapho» – «жазамын» деген ұғымнан шыққан екен. Бұл тәсілді ойлап тапқан Алоизия Зенефельдер. Литографиялық тәсілмен теруге мүмкіндік болмаған кезде олар қолмен көшірілген, бұл жаңалық ертеде шыққан көне баспа кітаптар принципінде ерекшеленетінін атап өтті. «Әзірет Сұлтан» қорық-музей қорындағы литографиялық тәсілмен жазылған кітаптар сегіз классификацияға бөлінетінін көрсетті. Олар: Құран мен Құран ғылымы; Хадистер; Догматика; Фикх; Логика; Филология; Поэзия; Мутафарриқат. Аталған құнды кітаптар жайлы жеке-жеке тоқталып, тарихы мен танымы туралы баяндап берді.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498