(жалғасы)
Оңтүстік Қазақстан облысында табысты еңбек етіп жатқан ресейлік, қытайлық ағылшын бизнес өкілдерімен кездесулер өткізіп тұрады.Бұл кездесулердің студенттерге берері мол. Олар тек теория жүзінде ғана емес, тәжірибе жүзінде де білімін жетілдіре алады. Сабақ барысында оларды шынайы бизнеске жақындату басты назарда болады. Ірі өндіріс орындарының басшылары бізде мастер-кластар өткізіп тұрады. Болашақта студенттерге бизнес-жоспарларды жасау бойынша «Экспресс-проект» және компанияның қаржылық тұрақтылығын бағалау бойынша «Аудит-проект» бағдарламаларын үйрету кезекте тұр. Дипломдық жоба қағаз жүзіндегі оқудың біткенін көрсететін формальды процедура емес, студенттің шығармашылық еңбегінің, нақты қорытынды жұмысы және жаңалығы бар екендігін көрсетеді. Дипломдық жобаға деген талаптар бітірушінің ғана емес, сонымен қатар жоба жетекшісінің де жауапкершілігін арттырады. Студенттердің ғылыми тақырыптарын 3-4 курста бастау жұмыстың тиімділігін арттырып отыр. Бірінші курста студенттерді жетекшіге тіркеп, ғылыми жұмысқа баулу ойды жүзеге асыруға және соңғы курста нақты дипломдық жобаны орындауға мүмкіндік береді. «Дипломдық жұмысқа арналған бизнес –жоспар» атты кітаптан бітіруші түлектер бар ақпаратты ала алады. Бүгінгі таңда таптырмас кітапқа айналған. Бүгінде экономикалық білімге қоса бизнес-жоспар жасау ажырамас бөлігіне айналды. Студент университет қабырғасында жүргенде теориялық білімін мықты жетілдіргенімен оны өндіріс орнында нақты іске асыруға келгенде тоқырауы мүмкін. Бұдан туындайтыны, тек білім ғана емес, ондай кезде шешім қабылдауда батылдық та ауадай қажет. «Бизнес-жоспардың» мақсаты жоспарлау ісіндегі ұсақ-түйекке дейін оқып үйренуге арналған. Бүгінгі заман студенттен биік интеллектіні, көкжиегін кеңейтуді, алға қойған мақсатына жетпей тынбауды талап етеді. Ең бастысы мына өмірде өз орын тауып, кірпіш болып қаланғаны…. Қазіргі таңда кәсіпкерлік саласы — аумақтың әлеуметтік-экономикалық және халықты жұмыспен қамту мәселелерін шешуге алғышарттар жасай отырып, облыс экономикасында өзінің белсенді орнын иемденіп отыр. Жыл сайын Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы қабылданып, онда кәсіпкерліктің дамуына, оған жан-жақты қолдау көрсетуге үлкен мән берілуде. Кәсіпкерлік қызметті құру – мемлекеттің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Барлық деңгейдегі кәсіпкерлік құрылым халықты барынша жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және халықтың өмір деңгейі көрсетуге Қазақстан Республикасының одан әрі әлеуметтік-дамуы үшін қажетті. Әлеуметтік ахуалды жақсартуды қамтамасыз етуге қабілетті. Кәсіпкерлікті дамытудың басты сәті рынок экономикасында бәсекелестік ортаны құру үшін ғана емес, сонымен бірге еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады. Атақты ғалымы, экономисі Альфред Маршалл атап көрсеткендей, нарық экономикасының негізгі қасиеті – «кәсіпкерлік пен өндірістің еркіндігі». А.Маршалл бойынша – кәсіпкер – экономикалық процестерді жеделдетуші. Сондықтан да бүгінгі таңда кәсіпкерлік негіздерін үйреніп барып қана осы салада нан тауып жеуге болады. Ал бәлім болмай бизнесте биікке шығу мүмкін емес. Сондықтан да бүгінгі студент ертегі мықты кәсіпкер болып қалыптасу үшін білім керек.
«Ұстазы мықтының – ұстамы мықты…» Рас. Тәжірибесі мол, көрген түйгені одан да мол ұстаздан шәкірт озары сөзсіз. Бүгінгі күнге бейімделген, аса қажетті кәсіпке бейімделген шәкірттер бүгінде еліміздегі іргелі кәсіпорындарда беделі биік қызметтерде еселі еңбек етуде. Әрине оның бәрі де талмай талаптануды, ұзақ ізденуді қажет етері аян. Ол үйретушіге байланысты. Кафедра ұстаздары ол жағынан қамшы салдырмайды. Ұстаздың еңбегінің жанғаны осы. Бұдан артық мақтаудың аса қажеті де бола қоймас…