Бүгінде мал тұқымын асылдандыру мәселесі алдыңғы кезекке шығып отыр. Аталған мақсатта Оңтүстік Қазақстан облысында тындырымды тірліктер атқарылуда. Биыл «Ірі қара мал экспортының әлеуетін дамыту» жобасы қолға алынған болатын. Бұл жобаға мал тұқымын асылдандырып барып қана кіріскен нәтижелі боларын түсінген мамандар түрлі бағытта жемісті еңбек етті. Мәслен, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 11 183 бас аналық ірі қара мал сатып алынды. Қаржы институттары арқылы 1 477 бас аналық және 100 бас бұқа алынған. Өңірлік мал шаруашылығын дамыту іс-шарасы бойынша 6 айда жалпы 428 жобаға 1 118,6 млн теңге бөлінді. Оның ішінде мал бордақылау алаңдарына 402 жобаға 972,7 млн теңге бағытталды. Бүгінде аудандарда мал бордақылаумен айналысатындар қатары артып отыр. 5-10 бас мал ұстайтын жанұялық сүт фермаларына 22 жобаға 50,9 млн теңге бөлінді. Сүт өнімдерінің өтімділігі жоғары бүгінде. Сүт, айран, қаймақ сатып ісін дөңгелетіп отырғандар жетерлік. Селолық тұтыну кооперациясына 4 жобаға 95,0 млн несие қаржы берілді. Облыста 43 ет, 39 сүт, 39 бірлік жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді. Жыл басынан бері өңдеу кәсіпорындарының қуаттылықтарын арттыру күн тәртібінен түскен емес. Жарты жыл көлемінде етті-1680 тонна, сүтті-752,0 тонна және жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу қуаттылықтары-4200 тоннаға артты. Нәтижиесінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемі 53,1 млрд.теңгені құрады. Осы тарапта атқарылып жатқан шаруалар шаш етектен.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498