Мемлекет басшысы бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам –Ұлт жоспарын» жүзеге асыруға және кәсіпкерлік саласындағы қоғамдық қатынастарды оның ішінде кәсіпкерлер мен мемлекеттің өзара іс-қимылына байланысты туындайтын мемлекеттік реттеу және кәсіпкерлікті қолдауға көңіл бөлінсін деп нақты тапсырмалар берген болатын. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлікті қолдауға арналған кешенді бағдарламалар жүзеге асырылуда. Облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтың көмегімен бүгінге дейін 108 мыңға жуық кәсіпкер кеңес алып, 27 мыңнан астамы кәсіпкерлік мектебін тәмамдаған. Ал, қаржыландырылатын жобалар саны 4 мыңға жуықтайды. «Тассай» индустриалды аймағында болашақта 23 зауыт жұмыс істейтін болады. Бұл аумақ Қазақстандағы ең үлгілі индустриалды аймаққа айналуға қауқары бар. Себебі, мұнда кәсіпкерлерден 100 пайыз инвестиция тартылған. Фармацевтика, машина жасау және жиһаз индустриясы секілді салалардың кластерлік дамуына бағытталған кешенді жұмыстар атқарылуда. Аймаққа сапалы инфрақұрылым тартылған. Алдағы уақытта оңтүстіктің отандық өнімдердің қатарын арттыруға үлес қосатын бірнеше жобалар қатарға қосылмақ. Өндірісі мен өнеркәсібі дамудың даңғыл жолына түскен күнгейде тындырымды тірлік көп.
Связанные истории
12.12.2016
28740
29.11.2016
38498