Терiсi бағалы қаракөл шаруашылығы бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында қарқынды дамытылуда. Өңірдегі 11 шаруашылық, соның iшiнде Отырар ауданында «Жұман», Созақ ауданында «Қарақұр» өндiрiстiк кооперативтерi қаракөл қойын өсiрумен айналысып келеді. Пайдалы кәсіптің табысы да көл көсір. Қаракөл қойының алдымен еті емес, терісі бағалы болғандықтан бүгінде шет мемлекеттерден сатып алуға ден қойып қызығушылық танытып жатқандар көп. Алдағы уақытта келісшартқа отырып қаракөл қойын сатып алуға құлшынып отыр. Отырар ауданындағы «Жұман» өндірістік кооперативі бүгінде қаракөл қойын өсіріп бағуда тәжірибесі мол, пайда тауып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Шөлейт жердiң шөбімен қоректенетін қаракөл қойына құмды аудандардың табиғаты қолай боп тұр. Созақ, Бәйдiбек аудандарында мыңғырған мал сиятын жайылымдар бос жатыр. Осы аудандарда алдағы уақытта қаракөл қойы шаруашылығын дамыту кең көлемде қолға алынатын болады. Бүгінде асыл тұқымды қойлардың тұқымын асылдандыру жұмыстары қолға алынған. Алдағы уақытта мал басын көбейту де бірінші кезекте тұрған мәселе. Мұнда жоғары және орта оқу орындарының студенттерін өндiрiстiк тәжiрибеден өткізу жоспарлануда. Сонда маман тапшылығы мәселесі болмайтыны сөзсіз. Қаракөл қой шаруашылығы мамандарын қайта даярлау жұмыстары да жүргізілуде. Республика көлемiнде және шетелдерде аталған шаруашылық өнiмдерiн сату алдыңғы орынға шығып отыр. Келешекте күнгей қаракөл қойының отаны болар күн де алыс еес секілді.